Қызмет көрсету пункті ашылды
Жаңалықтар
17.10.2017, 15:50
Тараз вокзалында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылды. Вокзалда кемтар жандарға арналған пункттің ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да, бірқатар азаматтар қызмет алып үлгерген.
– Бұрын арбаға таңылған жандар біреудің көмегіне мәжбүр болатын. Енді оларға вокзалда арнайы қызмет көрсететін пункт бар. Мәселен, вокзал ғимаратына келген мүмкіндігі шектеулі азамат қоңырау шалу арқылы біздің қызметкерлерді көмекке шақыра алады. Және №4-ші касса осы жандарға қызмет көрсету үшін ыңғайландырылып жасалып отыр. Вокзал ішінде және перронда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы орындар қарастырылды. Нашар еститін азаматтар үшін индукциондық панель, мүгедектерге арналған арбалар, балдақтар дайындалып, медициналық қызмет көрсету орталығы да жасақталды. Арнайы әжетхана да қарастырылып отыр. Вокзал қызметкерлері ол азаматтардың пойызға мініп, түсуіне де көмек көрсетеді. Тіпті, вокзалда арнайы демалыс бөлмесі де қарастырылған, онда ерекше жолаушыларға шәй, сусындар ұсынылып, жаднама таратылады,– дейді Тараз вокзалы бастығының орынбасары Мақсат Садығұлов. Біздің жолымыз болып, вокзалда билет алуға келген мүмкіндігі шектеулі жан Сивара Нұрматоваға жолығып қалдық.
–Мен бұған дейін билет алуға туыстарымды жіберетінмін. Ал вокзалда болып жатқан осындай жаңалықтарды естіген соң өзім арнайы келіп, Алматы бағытына билет алдым. Бұрындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін вокзал аумағында жүріп-тұру қиын болатын. Қазір ол мәселе толық шешілген. Мен осында келіп, арнайы тетікті басқан кезде вокзал кезекшілері шығып, көмектесті. Арнайы бөлме де жасақталған екен. Біз үшін бұл бір қолайлы жағдай болды, – деп ризашылығын білдірген ол келешекте пойыздарда да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қосымша орындар қарастырылса екен бір тілегін де жеткізді.
Ерман Әбдиев, Тараз
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты