Балтық жағалауындағы кеңес

Жаңалықтар
20.10.2017, 10:01
Қазанның  19-20 күндері Латвия астанасы Ригада Достастыққа қатысушы-елдердің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің 67-ші отырысы өтуде. Оған Кеңес мүшелері қатарындағы Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина елдерінің темір жол басшыларымен қатар, қауымдастырылған мүше елдер Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия, Литва, Эстония темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері де қатысуда. Кеңес отырысына Латвия темір жолдарының басшысы Эдвин Берзиньш жетекшілік  етіп, күн тәртібінде 12 мәселе қаралуда. Бірінші кезекте, кеңестің 66-шы отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы мен 2017 жылдың 9 айындағы темір жол желілерінің пайдалану қызметінің қорытындысы қаралса, бұдан кейін халықаралық қатынастағы жолаушылар кешенінің биылғы 9 айдағы жұмысы қорытындыланды. Сонымен қатар күн тәртібінде пойыздар қозғалысы кестесін дайындау нәтижелері, 2017/2018 жылдарға арналған халықаралық қатынастағы контейнерлермен бірге вагондарды жасақтау жоспары, 2017 жылдың сегіз айында темір жол әкімшіліктері арасында өзара есеп айырысу жағдайы, 2018 жылға арналған халықаралық қатынастағы жүк тасымалын жүзеге асыратын темір жолдардың тарифтік саясаты, тағысын тағы  мәселелер қаралды. Кеңес отырысында Достастыққа қатысушы елдердің  Темір жол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко баяндама жасап, ол үстіміздегі жылдың 9 айындағы темір жол желілерінің пайдалану қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл басынан бері темір жол желісімен 1 млрд 485 млн тонна жүк тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 41,7 млн тоннаға немесе 3,3 пайызға артқан. Жалпы вагон айналымы 13,53 тәулікті құрап, нормативке шаққанда 0,27 тәуліккке жылдамдатылған. Контейнердегі жүк тасымалы да 14 пайызға өскен. Дирекция төрағасы темір жол әкімшіліктерінің халықаралық жолаушы қатынасындағы өткен жыл көрсеткішін биыл тоғыз айда сақтап қала алмаған айта келіп, үстіміздегі жылы 10,5 млн жолаушы тасымалданса, былтыр үш тоқсанда бұл көрсеткіш деңгейі 10,8 млн жолаушыны құрағанын жеткізді. Сонымен қатар Петр Кучеренко вагон шаруашылығына қатысты комиссия жұмысына тоқтала отырып, Кеңес жұмыс істеген уақыттан бері жүк вагондарын пайдалануға, техникалық қызмет көрсетіліміне және өндірісіне қатысты бірыңғай талаптар әзірленгенін, ол өз кезегінде  жүк вагондарының  «1520 кеңістігіндегі» халықаралық қатынаста  кедергісіз жүріп тұруына мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты