Корея жастары ҚТЖ-ға келді

Жаңалықтар
06.02.2026, 09:53
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияның ЖОО және арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарымен ынтымақтастық бойынша меморандумы аясында Оңтүстік Кореяның беделді Woosong University студенттері және оқытушылары ҚТЖ-ға келді. Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырған кездесуден соң шетелдік делегация өкілдері компания бас ғимаратын аралап, Астанадағы бірнеше теміржол нысандарына барды.

Аталған департаменттің HR-бизнес серіктесі Алма Сәулебаеваның айтуынша, ҚТЖ осындай 48 оқу орнымен келісімшарт жасасқан. Оның ішінде қазақстандық және шетелдік оқу орындары бар. Бұл жолы Кореяның Тэджон қаласындағы Вусонг университетінен келген қонақтарға елдің көлік саласындағы ҚТЖ-ның алатын орны мен мүмкіндіктері таныстырылды. Департамент өкілдері де өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытып, компанияның түрлі оқыту бағдарламалары мен жобалары аясында үздік нәтиже көрсеткен теміржолшыларды сол оқу орнына жіберіп, білім алуы мен тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беруді жоспарлауда. Атап айтқанда, «Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында үздік қызметкерлер іріктеліп алынбақ. Мұндай келісімшарт Германияның ЖОО-ларымен де жасалған.

– Осы компанияға келуіміздің басты мақсаты – Қазақстандағы теміржол саласының қазіргі жағдайымен студенттерімізді таныстыру. Көрген кездегі алған әсерім өте зор, ҚТЖ алып компания және болашағы да жарқын екені байқалады. ҚТЖ мен біздің университет арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде және біз осы саланы дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қазірдің өзінде біздің университетте білім алып жатқан қазақстандық студенттер көп. Тек студенттер ғана емес, компания қызметкерлерін де шақырып, өзара тәжірибе алмасу бойынша жоба ұйымдастырғымыз келеді, – деді аталған ЖОО профессоры Yongwoo Kim.  

Айта кетсек, аталған шетелдік ЖОО 1954 жылы құрылған. 2025 жылы оның филиалы Түркістан қаласында ашылды. Шетелдік студенттер бұл іссапар барысында ҚТЖ Орталық музейі мен Қысқы баққа, «Тальго» техникалық қызмет көрсету пунктіне, Теміржол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығына, Жол диагностикалау орталығына барып, Қазақстан теміржолының тарихымен де, бүгінгі ахуалымен де танысты.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты