Кәсіподақ қызметін сараптаған семинар

Жаңалықтар
13.02.2026, 08:48
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген Есен-Аман ШАМАУ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада «Қазақстандық салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен бірлестіктің бастауыш ұйымдарының жетекшілеріне арналған оқыту семинары өтті. Екі күндік іс-шараға Кәсіподақ филиалдарының сарапшылары, Орталық Кеңес өкілдері және аппарат қызметкерлері қатысты.

Семинарды ашқан «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев заман талабына сай білімін одан әрі жетілдіру арқылы жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы мәселелерді шешуде білікті маманға айналу әрбір кәсіподақ қызметкерінің міндеті екенін жеткізді. Соған орай түрлі мәселе бойынша арнайы эксперттер шақырылып отырған бүгінгі басқосу тиімді де жемісті боларына сенім білдірді.

Семинардың алғашқы күнінде ҚР Кәсіподақ федерациясы еңбек қатынастары бойынша сарапшысы, Халықаралық Еңбек Ұйымы халықаралық оқу орталығының түлегі, кәсіподақ бойынша білім беруді үйлестірушілердің жаһандық желісінің мүшесі Ләззат Ержанова тренинг өткізді. Ол кәсіподақтар қызметінің құқықтық негізі, еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтың рөлі, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру, еңбек даулары мен жанжалдарының туындау себептері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, әр тақырыпты арнайы тапсырмалар, кейстер арқылы бекітіп отырды. Сонымен қатар семинарда ҚР Еңбек Кодексі, ҚР «Кәсіподақтары туралы» заңы да талқыланды.  

Семинар барысында жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы кикілжіңнің алдын алу, шешу, ондай жағдайларды басқару, жанжалдардың шығу себептері, еңбек даулары мен жанжалдарының психологиялық жағы туралы кеңестер беріліп, заңдық тұрғыда ұсынымдар айтылды. Жекелеген оқиғалар бойынша талдау жүргізіліп, ол өзгелерге сабақ болуы ескертілді. Қазақстан бойынша 2022, 2023, 2024 жылдары жалақымен байланысты – 634, еңбек келісімшартының бұзылуы жөнінде – 75, өндірістік бағытта – 21 және басқа себептермен 3 мыңға жуық жанжал фактілері туындаған.  

Келесі бағыт – кәсіподақ жұмысындағы жасанды интеллект тақырыбына арналды. Ол туралы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы цифрлық технологиялар департаментінің қызметкерлері дәріс өткізді. Сонымен қатар семинарда еңбек қорғау мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы кәсіподақтың рөлі де сөз болды. Ал семинардың екінші күні «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бас редакторы Дина Мұздыбаева Кәсіподақтың БАҚ саласымен ақпараттық өзара іс-қимылы тақырыбында баяндама жасап, кәсіподақ жұмысын мерзімді баспасөз арқылы көпшілікке кеңінен таныстыру мақсатында ақпарат беруге қатысты пікір бөлісті. Ал теміржолшылар үшін кәсіподақ жұмысы туралы бейнероликтер әзірлеудегі ерекшеліктер туралы Медиаредакция редакторы Дариға Құрымбаева баяндама жасады.  

Сонымен қатар ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және заңдық кеңес беру тақырыптарында орталық аппарат қызметкерлері Назира Көшкімбаева, Қайрат Мұқанов, Алмагүл Еримова, Самат Төлтаев, тағы басқалар сөз алып, өз салаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.  

– Өңірдегі кәсіподақтар жұмысы үшін өте пайдалы семинар болды. Айтылған кеңес, ұсыныс, ақпараттардың бәрі кәсіподақ жұмысын жандандырып, түйткілді мәселелер кездессе, оңай шешуге септік етері сөзсіз. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, – деді Семей жүк тасымалы бөлімшесі Өскемен-1 станциясы жол торабы кәсіподақ комитетінің төрағасы Берікхан Тлеужанов.  

Іс-шара соңында кәсіподақ өкілдеріне сертификаттар табысталды.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды