Қазақстан теміржол өнімдерін Пәкістан нарығына экспорттайды

Жаңалықтар
25.02.2026, 11:32
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымына арналған дайын өнім экспорты өсіп жатыр. Отандық кәсіпорындар рельстік бекіткіштер мен темірбетон шпалдарын Орталық Азия елдеріне және Ресейге жеткізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Қазір жаңа нарықтарға шығу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл жайлы Алматыда өткен Экспортшылар форумында белгілі болды. Форумда шикізатқа тәуелділікті азайтып, дайын өнім экспортын арттыру мәселесі көтерілді. Қазақстан экономикасын әртараптандыру және шикізатқа тәуелділікті азайту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған негізгі міндеттердің бірі. Президент өңделген, қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуды тапсырған болатын.

«Бент» компаниясының президенті Дінмұхаммед Кузиевтің айтуынша, рельстік бекіткіштердің толық жиынтығы бүгінде негізгі экспорттық бағытқа айналған. Сондай-ақ олар жақында QazTrade көмегімен өнімдерін Пәкістан нарығына экспорттамақшы.

«Біз Орталық Азияда рельстік бекіткіштердің толық жиынтығын шығаратын жалғыз өндірушіміз. Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade қолдауының арқасында Қырғызстан мен Өзбекстанға тұрақты жеткізілім жолға қойылды. Ресейге де экспорт басталды. Өткен жылы Иран мен Түрікменстанға сауда-экономикалық миссиямен бардық. Қазір белсенді келіссөздер жүріп жатыр. 2025 жылы экспорт көлемі шамамен 5 млн доллар болды. 2026 жылы оны 8 млн долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол.

QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаровтың айтуынша, бұл бағыт Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру міндетімен тікелей байланысты.

«Біз әр саланың экспорттық әлеуетін, әлемдік сұранысын жеке талдап отырамыз. Қазіргі күні өңделген, бәсекеге қабілетті өнімдердің экспортын арттыруды қолға алдық»,-деді ол.

QazTrade өкілдері мұндай жобалар елдегі дайын өнім экспортының жаңа кезеңге өткенін көрсетеді дейді. Орталық кәсіпорындарға сауда миссияларынан бастап, келіссөз жүргізуге, шетелдік нарықтарға шығуда жүйелі қолдау көрсетіп келеді.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі