Апаттың алдын алғандар

Жаңалықтар
27.02.2026, 08:48
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының Жамбыл локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі Игорь Зенков пен көмекші машинист Иса Мурадов өткелде жол-көлік апатының алдын алды.

Оқиға бірер күн бұрын Тараз-Шу учаскесі аралығында орын алды. Таңғы 06.26-да Тараз – Шу бағытында сағатына 55 шақырым жылдамдықпен келе жатқан локомотив Chevrolet cobalt көлігіне соқтықпас үшін шұғыл тежеуді қолданады. Пойыздың келе жатқанын көріп, дабыл белгісі қосылып тұрғанына қарамастан көлік жүргізушісі қауіпсіздік ережесін өрескел бұзып, өткелден өтіп кетуге тырысқан. Тіркелген факт Көліктегі полиция департаментінің Тараз станциясындағы желілік бөліміне жолданды.  

– Орын алған жағдайға байланысты пойыз 22 минутқа кешікті. Локомотив бригадасы қырағылығының арқасында апаттың алдын алуға мүмкіндік туды. Машинист пен көмекшісі жылдамдықты, арақашықты дұрыс есептеп, тежеуді дер кезінде қолданған. Ауыр салмақтағы пойыздың инерциямен қай тұста тоқтайтынын дұрыс болжамаса, соқтығысудың салдары қандай болары белгісіз, – дейді Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаев.

Машинист Игорь Зенков пен көмекшісі Иса Мурадов – екеуі де Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің 2009 жылғы түлектері. Игорь Зенков Жамбыл локомотив пайдалану депосында 2010 жылдан бері еңбек етеді. Машинист көмекшісі Иса Магамедович 2017 жылы қазан айында электровоз машинисінің көмекшісі болып орналасып, содан бері тынымсыз тер төгіп келеді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті