ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде

Жаңалықтар
02.03.2026, 18:22

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергеновтың төрағалығымен компанияның 2025 жылғы және 2026 жылғы қаңтардағы қызметінің қорытындыларына, сондай-ақ негізгі мемлекеттік және өндірістік міндеттерді талқылауға арналған кеңейтілген селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырыс барысында Республикалық референдум өткізу және теміржол инфрақұрылымының су тасқынына қарсы жұмыс кезеңіне дайындығы мәселелері қаралды. 

Қозғалыс қауіпсіздігі және өндірістік көрсеткіштер бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов баяндама жасады. Спикер қозғалыс қауіпсіздігі саласында 2025 жылдың 12 айында тасымалдау процесінің барлық қатысушылары арасында бұзушылықтардың жалпы 10% төмендеуі тіркелгенін атап өтті. Тікелей «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша бұзушылықтар саны 8% қысқарса, ал қауіпсіздіктің нысаналы көрсеткіші 17% жақсарған, 0,72 жоспарында 0,60-ты құрады. Осы нәтижелерге қол жеткізу үшін ревизорлық аппаратпен 2025 жылы 9 мыңнан астам тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 98 мың бұзушылық анықталып, 10 мыңнан астам тыйым салынған шаралар қабылданды. Қатаң бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылдың қаңтарында да жалғасып, 800 астам тексеру жүргізілді.

Көрсеткіштерді жүйелі жақсарту «Қозғалыстың операциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін» қалыптастыру жөніндегі Жол картасын, 2025 жылға арналған жүйелі шаралар кешенін және 2025-2027 жылдарға арналған мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуы жөніндегі ведомствоаралық жол картасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Стратегияның маңызды элементі персоналды ынталандыру болып қала береді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұзушылықтардың алдын алуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі үшін компанияның 615 қызметкері көтермеленді. Сондай-ақ, спикер компанияда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылым объектілері мен жылжымалы құрамды күрделі және ағымдағы жөндеу көлемін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде бас инженер Рамазан Садырқұлов еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы есеп берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобында өндірістік жарақаттанудың төмендеуінің оң динамикасы атап өтілді: оқиғалардың жалпы саны 26%, ал өндіріске байланысты жағдайлар 19% қысқарды.

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді