Жалынды жастар мерекесі

Жаңалықтар
24.10.2017, 09:57
Өткен демалыс күндері Сочи қаласында өткен 19-шы бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның 12 жас қызметкерінен тұратын делегация қатысып, айтулы додада Қазақстан темір жолының ғана емес, еліміздің намысын қорғап қайтты. Естеріңізге сала кетейік, бұл шара биыл қазан айының 14 мен 22 аралығында Ресейдің Мәскеу, Владивосток, Калининград және Сочи қалаларында өткен болатын. Әлемдік фестивальге 180 елден 25 мың адам қатысты. Сонымен бірге шараның алғашқы күндерінде фестиваль тарихында бірінші рет қонақтар үшін Ресей федерациясының 15 субъектісін аралауға мүмкіндік беретін арнайы аймақтық бағдарлама ұйымдастырылды. Соған қоса жастар мерекесі қатысушыларды темір жол квесті, панельді пікір сайыстар, форсайт-сессиялар сынды шаралармен қызықтырды, соңында олар шараның жабылу рәсіміне қатысты. Ұлттық компанияның даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов бастап барған ҚТЖ делегациясы «Әлемдік темір жол желісі: болашақты құру» атты темір жол секциясы алаңының арнайы ашылуын көрді.  Бұған қоса шараның бірінші күнінде темір жол секциясының делагаттары РТЖ ААҚ президенті Олег Белозеровтің төрағалық етуімен өткен панельді пікір сайысқа қатысты. - ҚТЖ жастары ресейлік әріптестері ұйымдастырған «Әлемдік темір жол желісі: болашақты құру» алаңына жұмылдырылды. Фестивальдің барлық күндеріндегі шаралардың берері мол болды, әсіресе, «Темір жол саласында клиентке бағдарлану: шындық және үндеулер, оларға қалай қарсы тұруға болады?» атты пікір-талас алаңы өткізілгенен екінші күн есімізден кетпейді.  Сонымен бірге Яндекс сервистерінің маркетинг бойынша директоры Андрей Себрантпен өткен  «Жасанды сана дәуірі» тақырыбындағы TED-talk та ерекше   болды,  - дейді ұлттық компанияның адами ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабулова. Фестиваль қатысушылары үшін мерекенің әрбір күні ұмытылмастай әсерге толы болған. Мәселен, Ресей президенті В.Путин «Жастар - 2030. Болашақтың бейнесі» атты сессияға қатысып, әлем елдерінен келген студенттер және жас мамандармен бірге ғаламдық саясат  мәселелерін талқылаған.  - Жаңа технологиялар дәуірі, темір жол саласын диджитализациялау, ұрпақтар сабақтастығы, темір жол мамандықтарын трансформациялау – міне осының бәрі аталған шарада РТЖ басшыларынан естіп, әлем елдерінен келген әріптестермен талқылаған, үйренген тақырыптарымыздың оннан бір бөлігі ғана. Бір сөзбен айтқанда, өте керемет шара болды және біздің сала жұмысы үшін пайдасы мол,  - деп әсерімен бөлісті «Нұрлы жол» вокзалы кешенінің кезекшісі  Ұлазбек Бейімбет.

Әсел ШАЙХЫНОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты