Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті

Жаңалықтар
06.03.2026, 17:27
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қазақстан теміржолшысы

Көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жыл сайынғы әдетпен биыл да теміржол саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Алайда биылғы салтанатты жиын мен концерттік бағдарламаның шоқтығы биік, форматы өзгеше болды. Мерекенің басты ерекшелігі сахна төрінде тек ер азаматтар өнер көрсетіп, әріптес аруларға ұмытылмас тосынсый жасады.

Теміржол саласы жауапкершілігі жоғары, тәртібі темірдей бекем сала. Мұндағы қауырт жұмыс пен ауыр графикке қарамастан, компанияның ер азаматтары өздерінің шығармашылық қырларын ашып, әріптестерін таңқалдыра білді. Концерттік бағдарламаға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Магистральдық желілер дирекциясы, Көңілді тапқырлар клубы және «Қазтеміртранс» АҚ сияқты ірі еншілес ұйымдардың қызметкерлері белсене қатысты.

Сахнада тек лирикалық әндер ғана емес, аспаптық туындылар мен юморлық қойылымдар да орындалды. Ерлер қауымы теміржолдың дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Күнделікті қатал ережелермен жұмыс істейтін теміржолшылардың сезімтал, өнерпаз қырын көру әйелдер қауымы үшін нағыз сыйлық болды.

Теміржолшы ерлер қауымының бұл тосынсыйына жиналған қауым дән риза болды. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, олар арнайы дайындықтан өтіп, репетиция жасап, кәсіби деңгейдегі шоу ұсынды. Залда отырған нәзік жандардың жүзіндегі күлкі мен толассыз шапалақ ерлердің еңбегінің ең жоғары бағасы болды.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі