Сұранысты қанағаттандырып отыр
Жаңалықтар
22.07.2016, 16:31
«Жолаушылар тасымалы» АҚ оңтүстік филиалының Атырау жүк бөлімшесі ағымдағы жылдың 6 айында жүк жөнелтіп-қабылдауды 91,30 пайызға орындады. Жоспар Құлсары мен Мақат бойынша жоғары деңгейде орындалған.
Жүк бөлімшесінің меңгерушісі Төлеген Айнабектің айтуынша, жалпы «Жолаушылар тасымалы» оңтүстік филиалының жүк бөлімшесі тұтынушылары үшін бірнеше жеңілдіктерді де қарастырыпты. Мысалы, жүк жіберушілердің жүк салмағы 500 кг-нан 2 тоннаға дейін барса – оларға 5%, ал 2 тоннадан жоғары болса – 10% жеңілдік көрсетіледі. Осы шілде айы да Атырау – Ақтөбе – Алматы, Алматы – Ақтөбе – Атырау, Атырау –Ақтөбе – Астана, Атырау – Ақтөбе – Маңғышлақ бағытына жүк жөнелтушілер үшін жеңілдікке толы, өйткені салмағы 200 кг-нан жоғары жолаушы билетінің жүгіне 50% жеңілдік айдың соңына дейін көрсетіледі.
Осыған дейін ескіріп, тозығы жеткен Атырау жүк бөлімшесінің ғимараты 2015 жылы күрделі жөндеу көріпті. Жөндеу кезінде мекеменің есіктері мен едені түгелдей ауыстырылып, қабырғалары қайта әрленген. Жүк бөлімшесінің іші-сыртына толықтай жарық шамдары мен бейнекамералар орнатылған. Жүк таситын техникалары да жеткілікті.
–Бұрын біз отыратын мекемеге дейін келетін кірме жол да нашар болды, қазір оның да қиыршық тасы мен шпалы жаңарып, жақсарып қалды. Бұл көліктер үшін де ыңғайлы. Жүк тиеп-түсіруші жұмысшыларымыздың жұмысына да жеңілдік тудыруда. Біздің бөлімшеде жүк жоғалу деген бұған дейін еш болып көрген емес, құдай сақтасын. Мен осы жерде 26 жылдан бері қызмет етіп келемін, бізге аманат болып келген жүктерді иелерінің қолына тапсырып немесе тапсырылған жүктерді көрсетілген мекен жайына еш шашыратпай жөнелтуді осында еңбе ететін әрбір жан міндеті деп санайды, – дейді Атырау жүк бөлімшесінің жүк қабылдап-тапсырушысы Айсұлу Кашакова жүк арбасындағы бумаларды қолындағы журналында жазылған нөмірі бойынша рет-ретімен тапсырып жатып.
Барлығы 15 адам еңбек ететін мекемеде 4 жүк қабылдап-тапсырушы, 3 жүк кассирі, 7 жүк тиеп-түсіруші және бір жүк таситын шағын трактордың жүгізушісі бар. Олардың айтуынша, соңғы жылдары жолаушы пойыздарына тіркелетін жүк вагондарын пайдаланушылар саны артқан. Бұрынғыдай тең-тең жүктерімен вагонға кіруге ұсталатын жолаушылар саны да азайған, оларға ақысы кез келгеннің қалтасын қақпайтындай төмен жүк вагондарын тиімді пайдалануды түсіндіру өз нәтижесін бергенге ұқсайды. Бұл да болса жолаушы халықтың жол жүру мәдениетінің арта түскенін аңғартса керек. Ал Атыраулық жүк бөлімшесі аймақ сұранысын толық қанағаттандырып отыр.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Атырау
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды