ҚТЖ және РЖД жіксіз цифрлық транзитті қалыптастырады және тасымалдау көлемін ұлғайтуда

Жаңалықтар
03.04.2026, 12:19

I-ші Халықаралық көліктік-логистикалық форум аясында Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергеновтың «РЖД» ААҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы Олег Белозеровпен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Тараптар тасымалдаудың тұрақты оң серпінін атап өтті: 2026 жылғы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 15,2 млн тоннаны құраса, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 3,8% жоғары. Осылайша, өткен жылы тіркелген өсім биыл да сақталады.

Ынтымақтастықтың негізгі драйвері транзит болып қала беретіні бөлек атап өтілді. Соңғы 7 жылда Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасындағы контейнерлік транзит 16 есеге – 33-тен 550 мың ЖФБ-ға дейін өсті.

Кездесу барысында мемлекетаралық түйісу пункттерін синхронды дамыту және цифрландыруды ілгерілету, соның ішінде жіксіз цифрлық транзитті қалыптастыру мәселелері қаралды. Осы бастамаларды іске асыру жеткізу мерзімдерін қысқартуға және жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Жаһандық сауданың жаңа географиясы: құрлықтарды біріктіре отырып" пленарлық сессиясы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров ірі теміржол жобаларын іске асырудың негізгі нәтижелері мен жоспарларын, сондай-ақ трансшекаралық тасымалдарды дамыту перспективаларын ұсына отырып, халықаралық көлік дәліздерін интеграциялау және инфрақұрылымды синхронды дамыту тақырыбында баяндама жасады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады