Жұмыс  әлі де жалғасады

Жаңалықтар
27.10.2017, 10:07
Бүгінгі күнге дейін ұлттық компания тарапынан қолға алынған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыс тоқтаған жоқ.  Тоқтаған былай тұрсын, алдағы 2018-2020 жылдар аралығында бұл бағдарлама жалғасады деген болжам бар. Бағдарламаның орындалуын жүзеге асырған мекеменің бірі – «Теміржолсу-Шу» ЖШС қызметкерлерінің алдағы атқарар жұмысы да ауқымды. Мекеме басшылығына келгеніне бір жыл уақыт болған Бауыржан Көкірекбаев әлі де бағдарлама аясында атқарылар жұмыстар барлығын жеткізіп, кезек күтіп тұрған объектілер тізімін түзіпті. Өткен жылы ғана Шоқпар станциясындағы су қысымды мұнарасын қалпына келтіріп, осындағы құрылғыларды жаңартып, падалануға берілгені аян.  Ол мұнара 1937 жылдан бері теміржолшыларға қызмет жасап келе жатқан тарихи нысан саналады. Сондай-ақ Тасөткел, Құмөзек, Қорағаты, Қордай сынды станцияларда шағын су мұнаралары аумағын қоршау шаралары жүзеге асқан. Ол жұмыстың барлығы тұтынушылар құқығын қорғау (СЭС) мекемесінің жаңа талаптары бойынша орындалған. Ал бүгінде мекемеде 176 адам еңбек етеді. – Алдағы жылы аманшылық болса 31 станцияда осындай жұмыстар қолға алынады. Сонымен қатар біз алдағы жылы қолға алынатын жаңа бағдарламаға орай өзіміздің жобаларымызды ұсынып отырмыз. Өзіңіз байқағандай әкімшілік ғимарат та жөндеуден өтті. Барлығы өзіміздің шаруашылық есебінен жүргізілді. Аспара, Жұма станцияларының қоршауы да жақын күндері қолға алынады. Жалпы, қызмет көрсететін аумақтағы су құбырының ұзындығы 207, 8 км. Мысалы Жиделіден Мойынтыға дейін 41 құдық бар. Бұл аралықта су тасымалмен тасылады. Күзгі комиссиялық байқаудан жақсы деген бағамен шықтық. Оның арғы жағында қысқа дайындығымыз да пысықталды. Өткен жылдан сегіз тонна көмір үнемделіп қалған болатын.  Жұмысшылар арнайы киіммен толық қамтылды.  Жуалы ауданында орналасқан Ақтаутас станциясындағы су құбыры 2014 жылы жергілікті әкімдікке ауысып кеткен екен, енді соны өзімізге қайтарып жатырмыз. Жергілікті әкімдікке қараған шағында су уақытымен беріліп келген екен. Енді өзімізге ауысқандықтан судың тұрғындарға тұрақты түрде берілуі қадағаланып отыр. Мекемеде он екі техника бар. Олардың барлығы жұмыс жасап тұр. Өңірдегі екі ірі станция Жамбыл және Шу. Жамбыл станциясында үлкен әкімшілік ғимарат болатын. Дегенмен, оны ұстап тұру, жылуы мен суға, өзге де комуналдық қызметтерге ақы төлеу ауыр болғандықтан ол ғимарат өзге мекеменің балансына өтіп кетті. Жылудың өзіне ай сайын екі миллион теңгеге жуық қаржы кетеді екен. Сондықтан, қаржы көздерін үнемдеуде осындай шешім қабылдадық. Сондай-ақ, қосыша қаржы табу мақсатында Шу локомотив пайдалану депосына көгілдір отын қазандықтарын орнату жұмыстарын бастап отырмыз. Ол жұмыстар 77 миллион теңгеге атқарылып, келесі жылға өтеді. Жалпы, біздің жылдық бюджет 50 миллион теңге. Сондықтан, жеке серіктестік болғандықтан қосымша қаржы көздерін тауып отырмыз, – дейді «Теміржолсу-Шу» ЖШС директоры Бауыржан  Көкірекбаев.

Ерман ӘБДИЕВ, Шу

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты