Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатянмен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 

Көлік саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарына, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға, озық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Астана – Ереван және Ақтау – Ереван бағыттары бойынша әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі қаралды. Рейстердің жақын арада іске қосылуы күтілуде, бұл сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, өзара іс-қимылға дайын екендерін білдірді.