Жылжымалы құрам жеткілікті

Жаңалықтар
31.10.2017, 17:13
Өткен жұма ҚР Энергетика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар, тауар биржалары, трецдерлер және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен еліміздегі көмірмен қамту мәселесіне қатысты мәжіліс өтті.   Мәжілісте коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және халықты көмірмен қамтамасыз ету, көмір жөнелтудің проблемалары тағы басқа мәселелері талқыланды. Сала электр энергиясының өндірілуінің шамамен 70%-ын, кокс химиялық өндіріс жүктемесінің жүз пайыз дерлік қамтамасыз етеді, республиканың коммуналдық-тұрмыстық секторын және халықты отынға деген тұтынушылығын толық қанағаттандырады. Оперативтік мәліметтер бойынша биыл 26 қазандағы жағдай бойынша 82 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға көп. Ішкі нарыққа 59,8 млн. тонна көмір, оның ішінде 44,8 млн. тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілді. Экспорт 22,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9% көп. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелту 9 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға көп.     Жиынға төрағалық еткен Энергетика министрінің орынбасары Бахытжан Жақсалиев ел үкіметі тарапынан бұған соңғы кезде ерекше мән беріліп отырғанын айтты.Басқосуда отандық көмір өндірушілер ішкі нарыққа көмір өндіру және жеткізу көлемі артқанын мәлімдеді. ТЭЦ-тер үшін қатты тұрмыстық отын жетіспеушілігін жою ұлттық темір жол тасымалдаушының, жүк жөнелтушілердің және жергілікті атқарушы органның дер кезінде ойластырылған жұмыстары арқылы мүмкін болғандығы аталды.      – Биыл біз жазғы мезгілдегі көмір жеткізілімін айтарлықтай арттырдық. Екінші және үшінші тоқсанда өткен жылға қарағанда қосымша тағы 4 млн. тонна жеткізілді, бұл өз кезегінде тұтынушылар қоймаларында қор жинауға мүмкіндік берді, – деді «Богатырь комир» ЖШС-нің көмір өндіру және нарыққа шығару бойынша директорының орынбасары Болат Бейсембин. Және ол министр орынбасарының вагон жетіспеушілігі бойынша сұрағына, қазірде ондай мәселе жоқ екенін жеткізді. Ал «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Кемаль Усманов көмір өндіру 20 пайызға артқанын айтты. Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірге келсек, 2016 жылға қарағанда өсім байқалады. Сол сияқты «Қаражыра» АҚ өкілі Әсет Сыдықов кәсіпорынның былтырғы және биылғы 9 айдағы көрсеткіштері туралы баяндады. Көмір өндіруші және жеткізуші кәсіпорындардан  соң сөз алған Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің темір жол көлігі басқармасының бас сарапшысы Нұрбек Қабижан министрлікте «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, былтыр 1 мамырдан бастап 31 тамызға дейін 17,3 млн тонна, биыл осы сәйкес кезең аралығында 20,6 млн тонна көмір тасымалданған, бұл былтырдан 19 пайызға артық. Және биыл жетіспеушілік болмау үшін ашық вагондар алуға көп күш жұмсалуда. «Биыл мемлекеттік қолдаумен 1300 дана ашық вагон алуға келісім-шарттарға қол қойылды. Ол вагондарды 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деп нақтылады ол. Тағы бір айта кетерлігі, коммуналдық тұрмыстық бағыттағы көмірмен қамтамасыз етуге арналған жұмыстар біркелкі жүруде. Бұл жағынан ешқандай мәселе туындамаған. Жоспардың орындалмауы тек жүк жөнелтушілер тарапынан болатын іс әрекеттер салдарынан, мәселен, өз өтінімдерінен бас тарту немесе жекеменшік жылжымалы құрамның келмеуінен орын алған. Тасымалдаушы – теміржолшылар тарапынан жоспардың орындалуы 98 пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш.  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков «Темір жол көлігімен көмір тасымалдау» туралы баяндамасында көмір тасымалына вагондар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жылжымалы құрам паркін, соның ішінде жеке операторлар көлемін арттыру қажеттігіне тоқталды. – Көмір тасымалына қатысты жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Жылжымалы құрам жеткілікті. Темір жол жылжымалы құраммен қамтамасыз ете алмай отыр деуге болмайды, біз көмір жөнелтушілермен бірге үлкен жұмыс атқардық. Барлық коммуналдық қажеттіліктер бүгінде өтелді және осы режим жыл соңына дейін сақталады. Әрине, экспорттық тасымалға қатысты аз ғана мәселе бар. Отандық зауыттар арқылы өз паркімізді жабдықтау жағына көп көңіл бөлу керек. Олардан тек «Қазтеміртранс» АҚ ғана емес, бүгін қатысып отырған жеке кәсіпорындар да вагондар ала алатындай болу керек. Күні кеше осы жиынға қатысушылармен өткен жиында мәселені оңтайлы шешу үшін «Қазтеміртранстың» барлық паркін қалай дұрыс бөлу туралы сөйлестік. Біздің компания басшылығы  мен министрлік көмір өндірушілерді қолдау үшін жоспар жасақтады. Мұндағы мақсат баға саясаты ресейлік операторлар секілді  жоғарылап кетуіне жол бермеу. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасалуда, – деді ол.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты