Жұбанышевтар – жеңіс тұғырында
Жаңалықтар
01.11.2017, 17:32
Астанада өткен «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай» атты республикалық форумында ақтөбелік теміржолшы әулет жеңіс тұғырынан көрініп, құрметке ие болды.
Арнайы бас жүлдеге жасалған мүсінше мен дипломды және құнды сыйлықты Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ өкілі, әулеттің барлық дерлік мүшелері Ақтөбе темір жолында еңбек етіп жатқан Жұбанышевтар отбасына табыстады.
Бейбітшілік және келісім сарайында Еңбек күніне және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған республикалық форумға 700 адам қатысқан саланатты жиында байқау аясындағы «Үздік еңбек әулеті» болып, онлайн дауыс беру қорытындысында және республикалық комиссия шешімімен Ақтөбе облысындағы теміржол саласында 423 жыл шежіресі қалыптасқан Жұбанышевтар әулеті атанды. Мерейі үстем болған әулет өкілі Жұмагүл Сапинаның айтуынша, әулет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» және «Қызыл ту» ордендерінің иегері, соғыстан кейін бүкіл саналы ғұмырын болат жолға арнаған Керей Жұбанышұлы болған.
Жұбанышевтар шаңырағындағы 21 адам өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап теміржол саласында жұмыс істеп келеді екен.
–Біз әулетімізбен болат жол бойында қызмет етіп келеміз. Атадан мұра боп жалғасқан мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен шебері болу – міндетіміз. Ұрпағымыз да осы ұлы жолды жалғайтын болады. Жеңіс әрқашан еңбек келеді. Осы марапатымызға лайықпыз деп ойлаймыз және қуаныштымыз, -деді Жұбанышевтар әулеті.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты