Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Тұңғыш теміржолшыға құрмет
Оқуға 1 мин
Жуырда М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-да «100 кітап» жобасы аясында «Мұхамеджан Тынышпаев: естеліктер, құжаттар, суреттер» атты деректі-тарихи кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітапта тұңғыш теміржол инженері туралы көз-көргендер естеліктері, әр жылдары жазылған мұрағат хаттары, көзі тірісіндегі суреттері мен ғылыми мақалалары жинақталған. Аталмыш кітаптың тең авторлары текті тұлғаның ұлы Дәулет Мұхаметжанұлы Шейх-Әли мен немересі Асқар Дәулетұлы Мұхамеджанов.
Басқосуда М.Тынышпаев атындағы қоғамдық қордың төрайымы Нұршәкен Жүнісова сөз алып, алаштың арысына арналған тарихи кітаптың құндылығына тоқталып, кітапты жарыққа шығару туралы идея қайдан туды, құжаттарды жинастыру барысында кездескен қиындықтар мен кедергілер туралы, кітаптың жарыққа шығуына көмектескен ізгі жандар туралы әңігмеледі.
Сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп» кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
Білім ордасы атын иемденген алаштың арда ұлы, қоғам қайраткеріне арналған еңбек студенттердің де қызығушылығын оятып, көкейлеріндегі сауалдарымен бөлісіп, аға буынның әңгімесі.
Кездесу соңында академия жастары өз өнерлерін ортаға салды, Ләззат Жеңіс пен Аружан Байтуғанова Алаш қайраткеріне арналған арнау-жырларын оқыды, ал Ақтоты Беланбай ән шырқап, басқосу соңы көңілді кешке ұласты.