Көрме – іскерлік алаңы
Жаңалықтар
03.11.2017, 10:18
Сәрсенбінің сәтінде Астанадағы «Көрме» орталығында «Көлік және логистика» 21-ші қазақстандық халықаралық көрмесі ашылды. Көрме аясында сонымен бірге Еуразиялық трансконтинентальды бағдар бойынша көліктік-логистикалық жүйені дамытуға арналған «ТрансЕуразия-2017» халықаралық конференциясы өтті.
Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі болып есептелетін TransKazakhstan/Translogistica 2017 шарасы 3 күнге созылады. ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр өзінің құттықтау сөзінде көрмедегі жан-жақты іскерлік қарым-қатынас қазіргі экономикалық жағдайда көлік саласының проблемаларын шешудің практикалық жолдарын талқылауға мүмкіндік береді деп атап өтті. Ашылу салтанатына қатысушылар қатарында Қазақстан теміржолы атынан ұлттық компанияның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев сөз сөйледі.
–Көрме ұйымдастырыла бастаған жылдар ішінде бұл жерден Қазақстан мен өзге қатысушы елдердің көліктік-логистикалық саладағы жетістіктері көрініс тауып келеді. Сол аралықта отандық теміржол саласы қарқынды дамыды. Әсіресе, 2011 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыру туралы сөзі осы бағыттың дамуына тың серпін берді. Содан бастап инфрақұрылым өте жылдам дамыды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2500 км жаңа темір жол желісі салынды. Транзиттік темір жол тасымалының да бірнеше есе артқанын айта кету керек. Енді осы бір бірегей алаңды өзара жаңа іскерлік қатынастар орнатып, байланыстарымызды нығайту жолында барынша пайдалануға ұмтылайық, – деді С. Елубаев көрме қонақтарына қарата.
Биылғы TransKazakhstan/Translogistica көрмесіне Әзербайжан, Беларус, Қытай, Литва, Латвия, Ресей, Украина және Финляндиядан 80-нен астам компания қатысуда. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ павильонында «KTZ Express», «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «KTZE-Khorgos Gateway» және Ақтау порты логистикалық блоктарының қызметіне бағытталған еліміздің көліктік-логистикалық мүмкіндіктері паш етілген.
Айта кету керек, қазақстандық шара жыл сайын жергілікті және өңірлік компаниялардың ғана емес, ТМД мен алыс шетелдердегі қатысушылардың да қызығушылығые туғызуда. Соның арқасында шетелдік әріптестермен арадағы іскерлік қатынастарды дамытуға серпін беріліп, Еуропа аймағында экономикалық және сауда байланыстарын нығайту және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Латвия республикасы Жол министрлігі бас хатшысының орынбасары Улдис Рейманис өз елінің Қазақстанның серіктесі ретінде осы көрмеге 1998 жылдан бері қатысып келе жатқанын жеткізді.
–Сөзімді жақында ғана Ригада өткен үлкен жиында ҚР вице-премьері Асқар Маминнің айтқан мына бір лебізімен түйіндесем. Асқар Ұзақбайұлы Қазақстанның Латвияны басты темір жол дәлізі, өзінің жүк ағынына Балтық елдері бойынша дистрибуциялық орталық ретінде таңдағанын айтты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, – деді ол.
Литва республикасы көлік және байланыс вице-министрі Ричард Садигутес: «Қазақстан Еуразия құрлығының көліктік маңызды желілерінің орталығында орналаса отырып Литва үшін стратегиялық серіктес болып табылады», – деп атап өтті. Өзге де қонақтар осы маңызды шараны ұйымдастыруға мұрындық болып отырған ҚР инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясына алғыстарын білдірді.
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты