20 жылдық белес
Жаңалықтар
03.11.2017, 10:26
Астанада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының 20 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Маңызды шарада еліміздің экономикасы мен темір жолын дамыту үшін көліктік-логистикалық ұйымдар және бизнестің, мемлекеттің күшін біріктіру туралы кеңінен сөз болды. Жиынды ашқан «Kazlogistics» ҚКО төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко екі компанияны мерейтойымен құттықтап, мемлекеттік органдар, темір жол және бизнестің күшін біріктіру – бүгінгі күннің басты даму бағыты болып отырғанын жеткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев өзінің «ҚР халықаралық байланыстарды кеңейту және транзиттік-көліктік әлеуетті жүзеге асыру бойынша алдағы 10 жылдыққа міндеттер мен үндеулер» атты баяндамасында компания тарихының ең негізгі атаулы күндеріне тоқталды. Атап айтқанда, 1997 жылдан бастап компания бүгінге дейін темір жолдың бытыраңқы кезінен қазіргі заманғы мықты компанияға айналғанға дейінгі аралығында ұзақ жол жүріп, қазірде қарқынды дамушы көліктік-логистикалық орталыққа айналғанын жеткізді. Тәуелсіздік алған жылдарда 2500 км-ден астам жаңа жол, бірнеше ірі зауыттар салынған.
– Елбасымыз ұлттық компания алдына 2020 жылға дейін транзиттік тасымалды 2 млн контейнерге жеткізу міндетін қойды. Осы тапсырманы орындау үшін нарықтың барлық қатысушыларының басын біріктіру қажет, – деді ол.
Қанат Алпысбаев сонымен бірге компания алдында тұрған тағы бір міндет – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жаңа технологиялар мен цифрландыруды жеделдете дамыту екенін жеткізді. Басқару жүйесін автоматтандыруды қарастыратын «Цифрлы темір жол» бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру басталғаны айтылды.
Конференцияға қатысушы ҚР инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев мемлекет пен көлікшілердің жүйелі жұмыстарының арқасында темір жол саласы жылдам дамып жатқанын айтты. Сонымен қатар соңғы кездері Қазақстанда темір жолдағы жүк тасымалының көлеміне тікелей әсер ететін көліктік экспедициялық қызмет те айтарлықтай дамуда.
– Бүгінде көліктің барлық түрлері бойынша шамамен 700 экспедитор компания табысты жұмыс істеуде, олардың көбісі өзге елдердің темір жолымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді, – деді Әсет Асанұлы.
Ол сондай-ақ экспедиторлық қызметтің дамуына әкімшілік кедергілер теріс ықпал ететінін атап өтті. Сонымен байланысты аталған министрлік Қазақстан теміржолымен бірге көлік саласы, соның ішінде теміржолда цифрландыру жобаларымен жұмыс істеуде екенін жеткізді.
– Цифрлы технологияны енгізу көліктік үдерістердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесіп, біздің жолдарымызды қауіпсіз, әрі жайлы етеді, - деді Әсет Асавбаев.
Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бас директоры Илья Сегал нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі жұмыстардың алғышарты ретінде осы қауымдастық, «Атамекен» ҰКП жұмыс тобы алаңдары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ дөңгелек үстелдерінде бизнес мәселелерін талқылау арқылы заң бастамаларын қалыптастыруға компанияның мамандарын тартуға назар аудартты. Конференция барысында қауымдастықтың құрметті төрағасы, ҚР-ның алғашқы көлік министрі Нығметжан Исингарин жылы лебізін білдіре отырып, «ҚТЖ» ҰК басшысына экспедиторлық бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚҰЭҚ-ның естелік белгісін табыстады. Ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылардың «ҚТЖ» компаниясының мұражайын және «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығын аралауымен аяқталды.
Конференция барысында көліктік-логистикалық компаниялар тұжырымдамалық деңгейде тасымал үдерісіне қатысушылар арасында серіктестіктің артықшылықтары туралы белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап айтылды.
Маржан БАКИЕВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты