Сапа бойынша мінсіз

Жаңалықтар
03.11.2017, 10:50
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша Дегелең – Семей және Шар – Жаңа-Семей телімі желі бойының ең күрделі тармағына жатады. Жүк тасымалының нөпірі мол, Тальго пойызы сағатына 90-120 км жылдамдықпен жүйткитін бұл телімдердегі жұмыс та ауқымды. Солардың ішінде Семей байланыс және белгі беру дистанциясының қызметін айрықша бөліп қарастыруға болады. Айта кетерлігі сол, өткен күзгі байқаудың қорытындысы бойынша бөлімшеге қарасты байланыс саласында бірде-бір ақаулық орын алмаған. Сонымен қатар,  жоспарлы шаралар 100 пайыз атқарылыпты. Өткен 9 айдың көрсеткіші бойынша да айтуға  тұрарлық межеге қол жеткізілген. Яғни, Семей ЖТ бөлімшесі мекемелері арасында, барлық шаруашалықтар бойынша Семейдегі ШЧ – 29 және Аягөздегі ШЧ – 30 қызметтік сапа жөнінен алғашқы орында тұр. Қазіргі таңда Семей белгі беру және байланыс дистанциясы Шығыстағы 371,4 км жол теліміне қызмет көрсетуде. Жұмыстың нәтижелі жүзеге асуына «Нева» орталықтандырылған диспетчерлік жүйесі мен «Диалог» жүйесінің қосар үлесі зор болып тұр. Сондай-ақ, электрлік орталықтандыру құрылғысымен шалғайдағы шағын станциялар толық көлемде қамтылған. Бір бұл емес, бүгінде ШЧ – 29 мекемесі байланыстың магистральдық әуе желісімен де толық қамтамасыз етілген. Жалпы, қызмет барысына жыл сайын жаңашылдық енгізу шарасы кеңінен жолға қойылып отыр. Атап айтсақ, желі бойындағы жұмыс сапасын арттыру үшін КТСМ-2 құрылғысының бірліктері жұмыс барысында қолданылуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Дегелең-Семей, Шар-Семей телімі бойынша радиобайланыстық қызмет те талапқа сай етілді. –Алдағы қысқа толыққанды дайынбыз деуге негіз бар. Телім бойындағы пойыз қозғалысы үшін аса маңызды саналатын техникалық құрылғылардың күтімі де жоғары. Өткен күзгі байқау оларды қолдану ережелері мен тәртіптің қатаң сақталатынын көрсетіп берді. Дегенмен, жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша әлі де үздіксіз жұмыс жүргізіле беретін болады, – дейді ШЧ-29 мекемесінің басшысы Бейбіт Түменғали. Аталмыш мекеме бойынша ағымдағы жылы атқарылған шара көп. Мәселен, үш бағытқа қызмет көрсететін, қаланың Жаңасемей аумағында орын тепкен «А посты» айрығының сұлбалық негіздемесін даярлау қолға алынды. Жалпы, Шар – Семей телімі бойында Түрксіб дәуірі мен соғыстан кейінгі салқын жылдары қолданысқа берілген базбір құрылғыларды ауыстыру қажет. Сондай-ақ, бүгінде елдің күнгейі мен теріскейін жалғайтын ірі магистральға айналған желі бойын талапқа сай ету де басты міндет. Міне, соның аясында Жаңасемей мен Дегелеңді жалғайтын аталмыш нысанның қосалқы бөлшектерін жаңарту көзделген-ді. Осыған дейін қызмет көрсетіп келген байырғы НР релесін ауыстыру тиімділікті еселей түседі. Бұл бағыттағы шаралар лабораториялық-сараптамалық тексерулер нәтижесінде анықталған болатын. Бір бұл емес, бөлімше басшысының айтуынша, жыл үлесіндегі жетістікті істер қатарында техникалық қауіпсіздік шараларын жүргізу ширатылып, СОБ құрылғыларын қайта жабдықтау, жөндеу, сынау және ауыстыру мәнісіндегі жоспарлы жұмыстар сәтімен жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ШЧ-29 мекемесі теміржолшыларының күшімен бірқатар әлеуметтік жұмыстар да орындалды. Бұдан өзге байланыс саласында маңызы зор бірқатар нысандар құрылысы қайта жаңғыртылыпты.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты