Логистикалық орталық жұмысымен танысты
Жаңалықтар
03.11.2017, 11:21
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іс-сапармен Шымкентке келді. Делегация құрамында «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевпен қатар бірқатар өзге де министрлік басшылары болды.
Алдымен Асқар Ұзақбайұлы Шымкенттегі халықаралық әуежайды аралап, осыдан кейін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен әуежайды реконстрккциялау мәселесі қаралған жиын өтті.
Әрі қарай делегация мүшелері «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС-не келіп, жаңа нысанды аралады. Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ОҚО әкімдігі тарапынан 92 гектар жер бөлініп, 7 жобаның негізі қаланған. Оның екеуі аяқталып, қазіргі таңда жұмыс жасауда. Үшінші 35 гектар жерге салынған «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС желтоқсанда іске қосылады. Бүгінде осы кешенде құрғақ жүктерді сақтау қоймасы құрастырылып біткен. Климатты қойманың да тоңазытқыштары орналастырылған. Әзірге сыртқы коммуникация желісі тартылып, аумағын көгалдандыру ісі мен әкімшілік ғимараттың ішкі бөлмелері әрленуде екен.
– «Көліктік-логистика аумағы» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд 800 млн теңгені құрап отыр. Осында кеден аймағы, әртүрлі қадағалаушы органдар келіп, «бір терезе» қағидасымен барлық сервистік қызмет түрін көрсететін болады. Қазіргі таңда қоймалар жеке инвесторлардың есебінен салынуда. Бизнес жоспар бойынша бүгінде 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге қайтарым болып отыр. Яғни, біздің инвестицияларымыз толық өтелуде. Жаңадан соғылып жатқан кешендерге тауар айналымы жеткілікті болатындықтан, 3-4 жылда кеткен шығын толық өтеледі деген сенімдеміз. Логистикалық кешен аумағының өз кедендік аймағы болатындықтан, өзге өңірден келген затты бақылаудан өткізіп, тіке қалаға таратады береді. Біздің облыстан бөлек, Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы сауда-саттықта тауар айналымын жақсы жүзеге асырған компания басшылары біздің кешенге орналасуға ниет білдіруде,- деп ақпаррат берген «Көліктік-логистикалық аймағы» ЖШС бас директоры Ерғали Бектаев, мұның бір себебі, сауда орталығының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында жатқанында екенін жеткізді.
«Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылымдық жүйесіне келсек, климатты қойманың аумағы 12 300, құрған қойма 12 400, әкімшілік нысанның аумағы 2700 шаршы метр. Контейнерлік алаңның аумағы 2,3 гектарға созылған. Құрғақ қоймада тұрмыстық техникамен қатар ұзақ сақталатын химиялық заттар да тұрады. Азық-түлік, бақша жемістері де сыяды. Кешеннің бір жағынан көліктер келіп-кетсе, екінші тарапынан теміржол тартылып, жүктер вагоннан да түсіріледі. Қойманың ішіндегі тауарларды жылжыту, тасу ісі де негізінен техниканың күшімен атқарылмақ. Егер осы қоймадағы жұмыстар алға жылжып, кіріс молайып жатса келесі этаптағы екі қойманың да құрылысы қолға алынуы мүмкін.
Компания басшысымен қатар «ҚТЖ –Жүк тасымалы» Шымкент филиалының директоры Ермекбай Ерманов Асқар Маминге аталғаш кешенге тартылған теміржол тармағы, оның қызметі жайлы айтып берді. Екі қойма мен контейнерлік алаңның аумағын көрген Үкімет басшысының орынбасары бастаған жұмысшы топ одан кейін «Агпо V» кірпіш зауыты мен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер және Шымкент –Ташкент бағытындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылыс жұмыстарымен де танысты.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті