Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды

Жаңалықтар
25.05.2026, 09:52

АҚШ-тың Калифорния штатында USA–Eurasia Transportation форумы өтті. Форумды Қазақстанның, Әзербайжанның және Грузияның Калифорниядағы бас консулдықтары Лонг-Бич порты әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, форум АҚШ пен Еуразия елдерінен мемлекеттік құрылымдардың, Калифорнияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдерін, порт әкімшіліктерін, бизнес-қауымдастықты және көлік-логистика саласының сарапшыларын бір арнаға жинаған. Басты мақсат — сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және көлік инфрақұрылымы мен жүк тасымалы саласында өзара қарым-қатынастың жаңа механизмдерін қалыптастыру.

Форумды Лонг-Бич портының бас директоры Н.Хасихагаба ашты. Ол бұл бастамаға қолдау білдіріп, Лонг-Бич портының еуразиялық серіктестермен жаңа әріптестіктер орнатуға дайындығын атап өтті. Лонг-Бич қаласының мэрі атынан мэрияның хаттама жөніндегі директоры Берил Унвер сөз сөйлеп, қаланың халықаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулы Назира Нұрбаева, ҚР Көлік министрлігінің, «Құрық порты» ЖШС-нің өкілдері, сондай-ақ Аризона штатындағы Қазақстанның Құрметті консулы Хью Холман болды.

Панельдік пікірталастар барысында қазақстандық делегация елдің негізгі инфрақұрылымдық жобалары мен көлік-логистикалық әлеуетін таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанның көлік жүйесін жаңғырту стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар, Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамыту, Каспий теңізіндегі маңызды Ақтау және Құрық порттарының қуатын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаһандық жеткізу тізбектеріне ықпалдастыру мәселелері талқыланды.

Форум қатысушылары порт инфрақұрылымы, логистиканы цифрландыру және мультимодальды көлік дәліздерін дамыту салаларында американдық пен еуразиялық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.

Форум американдық бизнес-қауымдастықтың Қазақстанның және жалпы еуразиялық өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне деген жоғары қызығушылығын, сондай-ақ тараптардың практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайындығын айқын көрсетті.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды