ҚТЖ машинистері жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 20 ЖКО алдын алды

Жаңалықтар
25.05.2026, 14:00

Осы жылдың басынан бастап ҚТЖ машинистері теміржол өткелдерінде орын алуы мүмкін 20 жол-көлік оқиғасының алдын алды. Локомотив бригадаларының жоғары қырағылығы, кәсібилігі және жедел іс-қимылдары уақтылы соқтығысуды болдырмауға және пойыздар мен автокөліктер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мәселен, 1 мамырда сағат 08:18-де Мойынты – Шығанақ учаскесінде жүк пойызының машинисі 54 км/сағ жылдамдықпеншұғыл тежеуді қолданып, «Хова» маркалы жүк көлігімен соқтығысудың алдын алды. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрды. Пойыздың кешігуі 16 минутты құрады. Ақпарат Шу станциясының желілік полиция бөліміне берілді.

21 сәуірде сағат 12:35-те Шу – Тараз учаскесінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді уақтылы қолданды және жақындап қалған  құрам алдында теміржол өткеліне шыққан Jeep жеңіл автокөлігімен соқтығысудың алдын алды. Қозғалыс кешігуі 10 минутты құрады. Материалдар Түрксіб станциясының ЖПБ-ға тапсырылды. 

25 сәуірде сағат 08:05-те Мойынты – Шығанақ учаскесінде жолаушылар пойызының машинисі теміржол өткелінің жүру ережелерін бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысудың алдын алды. Жөнелтудің кешігуі 4 минутты құрады. Ақпарат Шу станциясының ЖПБ-ға  жіберілді. 

13 мамырда Тараз – Шу, сондай-ақ Жаңаесіл – Көкшетау учаскелерінде 65-70 км/сағ жылдамдықпен машинистер жүргізушілері оқиға орнынан жасырынған жеңіл автомобильдермен соқтығысудың алдын алып, шұғыл тежеуді қолданған екі ұқсас жағдай тіркелді. Ақпарат полицияның желілік бөлімдеріне берілді. Барлық жағдайларда өлкелдік белгі беру құрылғылары дұрыс жұмыс істесе, көрініс жағдайы қанағаттанарлық саналады.

19 мамырда Жаңаесіл – Көкшетау учаскесінің Янко – Саумалкөл өткелінде 70 км/сағ жылдамдықпен өткелге шығып, бұзылу салдарынан тоқтаған КамАЗ автомашинасының күзетілмеген реттелетін өткелде болуына байланысты шұғыл тежеу қолданылды. 

Барлық тіркелген жағдайлардың негізгі себебі автокөлік жүргізушілерінің Жол жүру ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. 

21 мамырда Жаңаесиль-Пресногорьковская учаскесінің Бауманская – Пресногорьковская аралығында жүк пойызының машинисі 38 км / сағ жылдамдықпен шұғыл тежеуді қолданды және күзетілмеген реттелетін теміржол өткелінде ЖКО-ның алдын алды. 

Мұның себебі «фура» жүк көлігінің жүргізушісі Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы болды, ол келе жатқан пойыз алдында өткелге шығып кетті. Локомотив бригадасының жедел әрекеттері арқасында соқтығысу болған жоқ. Пойыздың кешігуі 12 минутты құрады. Өткелдегі белгі беру құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеді. Оқиға туралы ақпарат Қостанай станциясының ЖІІБ-не берілді. 

Өткен жылы машинистер 62 жол-көлік оқиғасының алдын алды. ҚТЖ жүргізушілерге теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Теміржол – бұл зейін мен тәртіптіңөмірдің сақталуына және қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіпті аймақ.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды