Адал еңбек алғысқа лайық

Жаңалықтар
09.06.2026, 09:00
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС ұжымы локомотивтерді пайдалану департаменті ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау тобының менеджері Жамбалина Сәуле Ғазизжанқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Салтанатты рәсімде әріптестері тәжірибелі маманға құрмет көрсетіп, көп жылдық қызметіне алғыс білдірді.

Сәуле Ғазизжанқызы қырық жылдан астам еңбек жолының 20 жылдан аса уақытын теміржол саласына арнады. Экономист және жол қатынасы инженері мамандықтарының иесі тек білімі ғана емес, жұмысқа деген табандылығы, еңбекқорлығының арқасында өз ісін жетік меңгеріп, әріптестері арасында жоғары беделге ие болды. Қостанай өңірінде туған кейіпкеріміз алғаш саладағы қадамын өз өлкесіндегі теміржолда бастап, жүк тасымалы процесінде жоспарлау экономикалық сектордың инженері қызметін атқарды.  

Астанаға ауысқан соң ҚТЖ-дағы қызметі кіреберіс жолдар бөлімінің жетекші инженерінен бастап, өндірістік бөлімнің бастығы, маркетинг бөлімі бастығының орынбасары, Магистральдық желі дирекциясындағы түрлі бөлімдерде бас маман, негізгі қор мен техникалық басқару бойынша күрделі жөндеу бөлімі бастығының орынбасары, өндірісті қамтамасыз ету бойынша сарапшы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Тасымалдау процесі дирекциясында бөлімнің бас маманы, менеджер, қазіргі серіктестікте 1,2 деңгейлі және 15, 16 грейд менеджері болып еңбек етті.  

– Ұжым атынан сізге көп жылғы адал еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз және жауапкершілігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіз қызмет жолыңызда компания қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге зор үлес қостыңыз. Жауапкершілігіңіз бен жұмысқа деген жанашырлығыңыз арқылы әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, ұжымның зор сеніміне ие болдыңыз. Өміріңіздің жаңа кезеңі қуанышты, бақытты сәттерге тола берсін, – деді серіктестік басшысы Асан Үмбетов.  

Бұл мерейлі күнді әріптестері Сәуле Ғазизжанқызына мықты денсаулық пен бақыт тілеп, құшағын гүлге толтырып, үстіне сәнді шапан кигізді. Салаға сіңірген еңбегі үшін ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен, «Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Салтанатты жиында серіктестік директоры оны «Достық-Мойынты» медалімен марапаттады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады