Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды

Жаңалықтар
13.06.2026, 18:05

«Нұрлы жол» вокзал кешені аумағында Қазақстан темір жолдарының тарихы туралы «Жібек жолынан бастап болат магистральдарға дейін» мұражайының ашылуы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және теміржол саласының өкілдері қатысты.  

Ауданы 3200 шаршы метрлік мұражай төрт тақырыптық: «Түрксіб және Мұхамеджан Тынышбаев», «Локомотивтердің эволюциясы», «Кәсіптер мен инновациялар», «Қазақстан темір жолдарының тарихы»  залдарын қамтиды.

Экспозиция интерактивті панельдерді, мультимедиялық экрандарды, AR және VR шешімдерін және симуляторларды қоса алғанда тарихи материалдар мен заманауи цифрлық технологияларды,  біріктіреді.

Мұражайда түпнұсқа локомотивтер мен жылжымалы құрам үлгілері, соның ішінде CR200J жаңа буындағы жолаушылар вагоны бар. Келушілер оның интерьерімен және заманауи техникалық шешімдерімен таныса алады. Негізгі экспонаттардың қатарына ЧМЭ3 және 2ТЭМ10 сериялы маневрлік тепловоздар, ВЛ80 сериялы жүк электровозы және ТЭП70 жолаушылар тепловозы жатады, олар елдің темір жолын дамытуда маңызды рөл атқарды. Келушілер олардың құрылғысымен танысып, жеке локомотивтердің кабиналарына көтеріле алады.

Мұражай қорында теміржол шамдары, сигнал беру элементтері, рельстік инфрақұрылым заттары, жұмыс құралдары, мұрағат материалдары, әртүрлі жылдардағы техникалық құрылғылар және ведомстволық наградалар сақталған 250 астам экспонат бар.

Алғашқы келушілер үшін экскурсияны кәсіби экскурсоводтар, сондай-ақ Астана локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы, ҚТЖ жастар кадрлық резервінің қатысушысы Жігер Сейітов өткізді. Ол  машинист симуляторы жұмысын көрсетті және локомотивті басқару принциптері туралы нақты жағдайға негіздеп айтфп берді.

Мұражай аумағында мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған вагон-мейрамхана және «Нұрлы жол»вокзалының пойыздар кестесін көрсететін ақпараттық таблосы бар кофехана орналасқан.

Мұражай көлік, инженерия, өнеркәсіп және заманауи технологияларға арналған уақытша көрмелерді өткізуге арналған алаң болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты