Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды

Жаңалықтар
26.06.2026, 16:44

26 маусымда Шу және Есіл локомотив пайдалану деполарының локомотив бригадалары кәсіби іс-қимылдарының арқасында теміржол өткелдерінде екі жол-көлік оқиғасының алдын алды деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сағат 08:32-де Тобыл – Есіл учаскесінің Аманқарағай-Құсмұрын аралығында 97 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі КамАЗ жүк көлігінің кенеттен жолға шығуына байланысты күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінің алдында шұғыл тежеуді қолданды. Локомотив бригадасының дер кезінде әрекет етуінің  арқасында соқтығысуға жол берілмеді. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Өткел жылжымалы дабылмен: көлденең орналасқан екі қызыл шамы бар бағдаршамдармен және дыбыстық дабылмен жабдықталған.

Сағат 08:41-де осындай жағдай Шу – Шығанақ учаскесінің Жиделі – Берлік аралығында орын алды. Жүк пойызының машинисі Toyota Land Cruiser көлігінің күзетілмеген теміржол өткеліне шығып кетуіненкейін төтенше тежеуді қолданды. Соқтығысудың алды алынды. Пойыздың кешігуі 6 минутты құрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Пойыздың салмағы едәуір ауыр, ал оның тежегіш жолы 1000 метрден асуы мүмкін, сондықтан құрамды бірден тоқтату мүмкін емес.

Теміржол өткеліндегі әрбір ережені бұзу жүргізушілердің, автомобиль және пойыздар жолаушыларының өміріне нақты қауіп төндіреді. 

Тек кәсіпқойлықтың, зейіннің және локомотив бригадаларының жедел әрекеттерінің арқасында екі жағдайда да қайғылы салдарға жол берілмеді.

Екі жағдай бойынша да ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Оқиғалардың алдын ала себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады