Пойызда рейд ұйымдастырылды

Жаңалықтар
03.07.2026, 16:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Көліктегі полиция департаменті бірлесе жолаушылар пойыздарында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер өткізуде. Кезекті сондай рейдтік іс-шара Астана – Петропавл бағытындағы №106/105 «Тальго» пойызында және Алматы – Астана бағытындағы №202/201 пойызында өткізілді.  

Іс-шара барысында теміржолшылар мен желілік тәртіп сақшылары жолаушылармен құқықтық тәртіпті болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, пойыздағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, ресімделмеген жүк багаждарын алып жүру фактілерін және билетсіз жолаушыларды анықтау, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен сервис деңгейін тексеру, перронда, пойызда жолаушылардың заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етуге назар аударылды. Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда қайда хабарласуға болатынын айтып, халыққа жадынамалар таратты. Сонымен қатар заңсыз қару-жарақтар, заңсыз заттар тасымалдау салдары да түсіндірілді. Жолаушы болып келе жатқан жасөспірімдермен де бөлек профилактикалық жұмыс жүргізді.  Астанадан Қарағандыға дейін және қайтар жолда рейд ұйымдастырушылар барлық вагондарды аралап, жолаушыларға осы талаптар орындалмаған жағдайда қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын еске салды.  

- Заңды сақтау тұрақты және гүлденген қоғамның негізі болып табылады. Әрбір азамат өзіне және қоғамның басқа да  мүшелеріне қолайлы жағдай жасау үшін өз жауапкершілігін сезініп, заңдарды сақтауы керек. Бүгін міне кезекті рейд барысында екі пойызды тексеріліп, құқықбұзушылықтар анықталған жоқ. ҚТЖ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жұмыстарды жалғастыра береді, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис департаментінің менеджері Мырзабек Ахметов.

Рейд барысында жолда ішімдік ішіп, елдің тыныштығын алуға болмайтыны, оның да әкімшілік жауапкершілігі бар екенін айтылды. Көліктегі полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Әлихан Жұмажановтың айтуынша,  2026 жылдың басынан бері 327 жолаушы ішімдік ішіп, елдің мазасын алғаны үшін пойыздан түсірілген.  

- Біздің басты мақсатымыз – көлік обьектілерінде, вокзалдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. ҚТЖ қызметкерлерімен бірге біз тұрақты түрде осындай тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Азаматтармен және пойыз бригадасымен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жолға шыққанда жеке және қымбат заттарыңызға абай болыңыздар, оларды қараусыз және бөтен адамдарға қалдырмаңыз. Танымайтын адамдардан біреуге сәлемдемелер апарып беруге келіспеңіз, себебі сол үшін сіз жауапты боласыз, сол бойынша бұзушылықтар анықталса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз, - деді полиция қызметкері.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында пойыздарда осындай маңызды рейдтік іс-шаралар одан әрі жалғасын табады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл