Елімізде астық экспорты 13%-ға артты

Жаңалықтар
09.07.2026, 10:02

2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Аталған кезеңде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған.

Экспорт көлемінің өсуіне негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы ықпал етті. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38%-ға өсіп, 3,9 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,4 есеге артып, 357 мың тоннадан 504 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 59%-ға өсіп, 1,4 млн тоннадан 2,2 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға жеткізілім көлемі 37%-ға артып, 150 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін өсті.

Жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң серпіні қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айғақтайды.

Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды
Әлемде
08.07.2026
Австралияда Alstom компаниясының алғашқы X'Trapolis дизельді пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.07.2026
Жәнібек Тайжанов «Астана-1» вокзалының жаңғырту жұмыстарын тексерді
Жүк тасымалы
07.07.2026
ҚТЖ Қазақстан арқылы Қытай мен Мәскеу торабы арасында жаңа тұрақты айналмалы рейс сервисін іске қосты
Аймақтар
07.07.2026
Шыңғырлауда заманауи үлгідегі жаңа теміржол вокзалы ашылды
Жүк тасымалы
07.07.2026
ҚТЖ Қытайдан Ресейге автокөлік тасымалдайтын жаңа пилоттық жобаны бастады
Аймақтар
07.07.2026
Шарда теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр
Әлемде
07.07.2026
Түркия Еуразияның басты көлік хабына айналуды көздейді
Жаңалықтар
07.07.2026
Елімізде теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді
Жаңалықтар
05.07.2026
Астана әкімі мен ҚТЖ Басқарма Төрағасы Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту барысымен танысты
Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады