ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Жаңалықтар
15.07.2026, 18:30

Шанхай қаласында «Қазақстан – Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Іс-шараны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Форум жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелері жөніндегі көмекшісі Қуанышбек Есекеев және басқа да қатысушылар ат салысты.

Бизнес-форум аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Қытайдың ірі көлік-логистикалық және технологиялық компанияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесулерге Қытайдың жетекші компаниялары – COSCO Shipping, Shanghai International Port Group, Ляньюньган порты, China Railway Container Transport, China Harbour Engineering Company, Global DTC және Sichuan Port and Shipping Investment Group қатысты.

Кездесулер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) одан әрі дамыту, тасымал көлемін ұлғайту, бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды іске асыру, көлік үдерістерін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

«Бүгінде көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігі тек инфрақұрылымға ғана байланысты емес. Деректер, цифрлық платформалар мен жасанды интеллект тасымалдардың тиімділігін арттырудың, шешім қабылдау жылдамдығын жеделдетудің және логистикалық сервистердің сапасын көтерудің негізгі факторларына айналуда», – деп бизнес-форумда сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов атап өтті.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге өзара мүдделі екендіктерін растады.

Қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады