ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс кеңесі өтті

Жаңалықтар
30.07.2026, 10:06
Оқуға 2 мин
Фото Александра Жабчука

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары «Үрімші темір жолы» ЖШҚ делегациясы арасында жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау және жүк тасымалдаудың жылдық жоспарын орындау үшін тиімді шаралар әзірлеу болды.

Тараптар 2026 жылдың 6 айында ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 18 662 мың тоннаны құрағанын атап өтті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артық, оның ішінде ҚР-дан ҚХР-ға 11 702 мың тонна тасымалданды, өсім 2025 жылға қарағанда 9,5% өсімді құрады, ал ҚХР-дан ҚР-ға 6 960 мың тонна тасымалданды, өсім 2025 жылға қарағанда 8,7%.

Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта ҚХР мен ҚР шекаралық темір жолдары арқылы 1 085 мың ЖФБ контейнер тасымалданғаны атап өтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6% артық; оның ішінде Қазақстан арқылы транзитпен – 741,8 мың ЖФБ (2025 жылға қарағанда өсім 10,4%).  

Тараптар екі ел шекара станциялары ұжымдарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті және оларға атқарылған жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

 Тараптар Орталық Азия елдері мен Иран Ислам Республикасы бағытында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту шеңберінде жүк ағыны көлемінің айтарлықтай өсуіне тұрақты үрдісті атап өтті.

Осы динамиканы қолдау үшін кездесуге қатысушылар үздіксіз логистикалық сервисті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Қазақстан тарапы көрші мемлекеттер тарапынан Қытай Халық Республикасынан мұнай құю жүктерінің импортына сұраныс өсіп келе жатқаны туралы хабардар етті және осы бағыттың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, ай сайын 90 мың тоннаға дейін мұнай құю жүктерін қабылдауға және өңдеуге дайын екендігін растады, бұл ретте Қытай тарапы осы тасымалдарды қолдауға және құйма жүктерін тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту үшін шекара маңы инфрақұрылымының технологиялық мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеуге дайын екендігін білдірді.

2024-2025 жылдары «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламаларын ұштастыру шеңберінде шекаралық станциялардың қызметкерлері үшін бірлескен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізудің табысты тәжірибесі атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша III бірлескен Кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңес достық және сындарлы атмосферада өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар шекара өткелдерінің өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру және жылдық жоспар бойынша артта қалушылықты толтыру үшін пойыздар қозғалысының кестелерін үндестіру туралы уағдаласты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ теміржол тасымалы саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға бейілділігін қуаттады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті