Республикалық байқау өтті

Жаңалықтар
31.07.2026, 15:28
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада республикалық «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» форумы аясында «Үздік теміржолшы» республикалық байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында еліміздің негізгі инфрақұрылымдық тірегі болып табылатын көлік-логистика жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген теміржол саласы қызметкерлерін қолдауға бағытталған республикалық байқауды «Bilim-orkenieti» республикалық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Биыл бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған форум аясында «Үздік теміржолшы» байқауы Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерін дәріптеп, теміржолшы еңбегіне деген құрметті нығайтатын игі дәстүрге айналды. Оның басты мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру және кәсіби жетістіктерімен ерекшеленген теміржолшылардың еңбегін лайықты бағалау.

Форумға «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының өңірлік бөлімшелерінен 30-ға жуық теміржолшы қатысты. Магистральдық желі дирекциясының үздік қызметкерлері көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, өндірістегі жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ магистральдық теміржол инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз ету мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталып, «Үздік теміржолшы-2026» атанды.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты