Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті

Жаңалықтар
04.08.2026, 10:43
Оқуға 2 мин

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елордалық локомотив пайдалану депосының машинистері көліктік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Лесозавод ауданындағы Астана станциясының ең көп жүретін теміржол өткелдерінің бірінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді, 

«Қауіпсіз өткел» акциясын ҚТЖ Қазақстан темір жолдарының бүкіл желісі бойынша өткізуде. Оның мақсаты – теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру.

Рейд барысында теміржолшылар мен көліктік полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, теміржол өткелдерін қауіпсіз кесіп өту ережелерін еске салып, ақпараттық жадынамалар таратты.

Акцияға қатысушылар өткелдердегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне ерекше назар аударды. Теміржолшылардың айтуынша, апаттар шлагбаум,  бағдаршам дабылдарын, жол белгілері  талаптарын ескермеу, асығу және елемеу салдарынан орын алады.

Машинистер жүргізушілерге пойыздың қозғалыста сөзсіз басымдыққа ие екенін және оның тежеу қашықтығы жүздеген метр екенін еске салды. Тіпті төтенше тежеуді қолдану әрқашан локомотив бригадасына соқтығысудың алдын алуға мүмкіндік бермейді.

ҚТЖ қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде. Компания бастамасымен 2025 жылы теміржол өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Техникалық құралдарға, жүктерге және мүлікке зақым келтіргені үшін тоғыз ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген. Қазіргі уақытта жауапкершілікті одан әрі қатаңдату, соның ішінде айыппұлдар мен жүргізуші куәлігін қайта бұзғаны үшін айыру мерзімдерін ұлғайту қарастырылуда.

ҚТЖ жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелері мен өткелдегі белгі беру талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады. Жабық өткел алдында бірнеше минут күту өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды