«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда

Жаңалықтар
07.08.2026, 13:10

«Нұрлы жол» теміржол вокзалында санитарлық үй-жайларды кезең-кезеңімен жаңарту жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz

2026 жылдың басынан бастап санитарлық үй-жайларды (дәретхана бөлмелерін) жаңғырту жобасы әзірленді. Мамыр айында вокзалдың ең көп жолаушылар ағыны байқалған бірінші, төртінші және бесінші қабаттарында орналасқан алты бөлмеге кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары басталды.

4-ші қабаттағы бірінші жаңартылған санитарлық бөлме келушілер үшін ашық. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы екі үй-жайға жөндеуді аяқтау жоспарлануда, қалған үшеуі 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.  

Жаңартылған бөлмелерде заманауи және практикалық материалдар қолданылады, әрлеу толығымен жаңартылады, сыртқы түрі жақсарады және жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Жұмыстарды вокзал әкімшілігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде коммерциялық алаңдарды басқару жөніндегі компаниямен бірлесіп жүргізуде.

2017 жылы пайдалануға берілген «Нұрлы жол» вокзалы елорданың ірі теміржол вокзал кешені және көпфункционалды қоғамдық кеңістік болып табылады. Теміржол көлігінің жолаушыларына қызмет көрсетуден басқа, мамандандырылған ХҚКО, көші-қон қызметі, полиция бөлімшелері, мұражай және басқа ұйымдар орналасқан. Күн сайын кешенге 9 мыңға жуық пойыз жолаушысы, сондай-ақ елорданың мыңдаған тұрғындары мен қонақтары келеді.

Вокзал әкімшілігі келушілерді вокзал кешенінің мүлкіне ұқыпты қарауға және барлығына қолайлы жағдайлар сақталуы үшін тазалықты ұстануға шақырады.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды