Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады

Жаңалықтар
14.08.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Әділет» партиясы өкілдерінің алдағы Құрылтай сайлауына қатысты үгіт-насихат жұмыстарына орай теміржолшылармен кездесуі өтті. Спикерлер аталған партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Жиынға компания Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов қатысып, қазіргі таңда еліміз үшін маңызды Құрылтай сайлауына дайындық жүріп жатқан кезеңде бұл оқиғадан теміржолшылар да тыс қалмай, Қазақстанның азаматы ретінде парызын орындап, сайлауға қатысуы маңызды екенін жеткізді.  

– Бұл сайлау әр азаматқа өз таңдауын жасап, еліміздің одан әрі дамуына қатысты көзқарасын білдіруге, мемлекет болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Темір жол – Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен өңірлер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Сондықтан ҚТЖ ұжымы үшін елдің тұрақты дамуы, еңбек адамының мүддесін қорғау және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі ерекше мәнге ие. Сол себепті алдағы сайлауда әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, саяси науқанға белсенді атсалысуы маңызды, – деді ол.

Кездесу аясында кандидаттар көлік-логистика саласының қызметкерлерін еңбек адамының құқығын қорғауға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге, т.т. бағытталған өздерінің ұстанымын егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламаның мазмұны, басым мақсат-міндеттері туралы ақпарат берді.  

Жиын қорытындысы бойынша теміржолшылар мемлекеттік басқаруды сапалы жаңарту үшін әрбір азаматтың Құрылтай сайлауына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, кандидаттарға сындарлы диалог үшін алғыс айтты.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда