Жолаушы пойызына бейнебақылау  керек пе?

Жаңалықтар
24.11.2017, 13:41
Пойыздарында жолаушылардың жеке мүлкі қолды болуының себебі белгілі,  ары-бері сапырылысқан көпшілік, станцияларда түсіп-мінген адам, анау мынау сатып жүрген саудагерлер, тағысын тағы...  Шымкент станциясындағы  желілік ішкі істер бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айында аталған мекеменің  кезекші бөліміне 432 ақпарат пен арыз-шағым түсіпті. Оның ішінде қылмыстық құрамы бар болуына байланысты 143 материал «Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне» енгізілсе, 94 материалда қылмыс құрамы жоқ болған. Алайда, өзге аумақтарда орын алуына байланысты 56 материал тергелу үшін өзге органдарға жолданған.   –  Жолаушы заты жоғалса алдымен  жолсерікке шағымданады. Ал вагонға кімнің кіріп-шыққанынан хабарсыз жолсерік не істеді мұндайда? Полицияны шақыртады. Осындай мүліктерін жолаушылардың өзі  қолжетімді жерде қалдыруынан биыл 20-ға жуық ұрлық фактісі тіркелген. Жолаушыны күтіп алу мен шығарып салу үшін вагонға кіретіндері бар.  Ал тәртіп сақшыларына қылмыстың нақты қай жерде, қандай жағдайда болғанын анықтау қиын. Сондықтан, келеңсіздіктің алдын алудың бір жолы қатаң тәртіп енгізіп, бөтен адамды вагонға кіргізбеу дер едім,- деген полиция өкілі  Сәбит Бақтығалиев тәртіп пен тыныштық болуы үшін алдымен Шымкент станциясы мен вокзал аумағындағы ашық тұстарды жабуды ұсынады.   Өйткені жыл басынан бері перронда 5, вокзал ғимаратында 8 рет ұрлық істер орын алып, ұрлаған адам лезде ашық есіктерден қашып үлгерген. Мәселен, Шымкент станциясындағы теміржол ғимараты толық қоршалмаған. «Қазпошта» жақтан  көліктер кіретін аумақ, «Ай» автокөлік жуу төңірегі, ШЧ мекемесінің айналасы  да ашық жатыр. Сонымен қатар, жолаушы тасыалымен байланысты қызмыстың алдын алу үшін локомотив пайдалану депосымен локомотивтерге және  жолаушы вагондарына да бейнебақылау орнатылса, іс оңға баспақ деп санайды  тәртіп сақшысы. Шығыстықтар мысалы, 4 жолаушы, 10 жүк локомотивтерінің кабиналарына бейнебақылау жүйесін іске қосқан. Осы тәжірибені  Оңтүстікте де қолға алынса, қылмыстың азайып және дер кезінде ашылуына септігін тигізері сөзсіз. Оның айтуынша, мүлікті ұрлауға  қарсы қылмыстардың деңгейін 2017 жылы 15, 2018 жылы 20 пайызға азайту көзделген.  Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл теміржол аумағындағы ұрлық істер 9 пайызға төмендеген. Жүк тасымалында суыққолдылар арасынан теміржолшылардың да табылуы өкінішті жағдай...    –  Өткен жылы бес теміржолшы ұрлық үстінде қолға түссе, осы жылы біреуі ұсталды. Биылғы шілдеде  Түлкібас бекетінде  жүк автөкөліктеріне арналған 4 дана аккумулятор ұрланған. Оны аталған станцияның 34 жасар вагон қараушысы қолды еткен.  Күз келіп көмір тасымалы артқалы көмір ұрлау фактісі жиі тіркелуде Дәлелдейтін бейнебақылау жоқ, ұрлықтың болғанын көргенмен, кімнің қашан алып кеткенін анықтау қолды ұстайды. Сондықтан   теміржол аумақтарында «Бұлтты бейне бақылау» жобасын іске асырған  павлодарлықтардан үйренген айып емес.  Сондай-ақ, Батыстық көлік прокуратурасы мен «ӘТЖК» АҚ филиалы бірлесіп теміржол маңында ұрлықты азайту үшін атты патрульдер қойғаны да қылмысты азайтары сөзсіз,- дейді тәртіп сақшысы.  Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты