Арнайы пойыз жолға шықты

Жаңалықтар
14.08.2026, 08:41
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда алғаш рет есірткіге қарсы пойыз іске қосылды. Астана – Бурабай бағыты бойынша жолға шыққан пойызда тәртіп сақшылары жолаушы халықты есірткіден бас тартуға шақырып, ситуациялық жағдайда көмек беретін қызметтер туралы ақпаратпен бөлісетін болады.

«Астана – есірткісіз қала!» ерекше жобасын Астана қаласының полиция департаменті мен Көліктегі полиция департаменті «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Елорда әкімдігі және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілерінің қолдауымен ұйымдастырды.  

Пойыз 12 тамызда «Нұрлы жол» вокзалынан жолға шықты. Алдымен вокзалдың күту залында полицейлер, еріктілер, спортшылар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Астана – есірткісіз қала!» акциясы өтті. Вагондардың сырты мен іші есірткіге қарсы материалдармен безендірілген. Олар заңды сақтауға, есірткіден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.  

Пойыз күн сайын жүреді. Ұйымдастырушылар профилактикалық бағыттағы ақпарат беру акциясы тек бір күнмен шектеліп қалмайтынын айтады. Жолаушыларға сенім телефондары мен көмек сұрауға болатын қызметтердің байланыс деректері бар буклеттер таратылды. Вокзалда есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді.  

Акция тек пойызды іске қосумен шектелмеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін есірткіні қолданудың салдары туралы суреттер көрмесі, концерт және интерактивті алдын алу алаңдары ұйымдастырылды. Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Әлия Қибатқызы атап өткендей, құқықбұзушылықтың алдын алу – бұл құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, сонымен қатар қоғамның және әрбір адамның жалпы жауапкершілігі. Сондықтан жобаға жастар, еріктілер, спортшылар және қоғамдық ұйымдар тартылды. Міндет – есірткінің салдары туралы ескерту ғана емес, қауіптен тұрақты түрде бас тартуды қалыптастыру және салауатты өмір салты, заң және жеке жауапкершілік күнделікті мәдениеттің бір бөлігіне айналуы керек екенін көрсету.  

Жаңа пойыз жобасы «Астана – есірткісіз қала» жоспары аясындағы ауқымды жұмыстың бір бөлігі саналады және «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде іске асырылуда.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда