Күре жолдың бойында қызу тірлік...
Жаңалықтар
24.11.2017, 15:39
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің еліміздің 5 облысының аумағынан өтетін қашықтығы 2787 шақырымды құрайтын болса, Қызылорда облысы аумағындағы қашықтығы 812 шақырымды құрап отыр.
Қызылорда облысы аумағында халықаралық автомагистраль пайдалануға берілген күннен бастап ҚР ұлттық стандартына сәйкес келетін 41 жол бойындағы сервис нысандарын салу белгіленген болатын. Қазіргі таңда 16 сервис нысаны тұрақты жұмыс жасауда. Айталық, «Қорқыт ата», «Сығанақ», «Нұрлы жол» және «Керуен» секілді қызмет нысандары жүргіншілерге қызмет көрсетумен қатар сапарға шыққан жолаушының бір сәт дем алып, автокөлігіне қажетті күтім жасайтын орындарға айналды. Автокөлікпен сапарға шыққан жолаушының, жүк тасымалына жегілген ауырсалмақты көліктердің күрежолдың бойында жағдайын жасап отырған жолшылар қызметіне ары-бері өткен халықтың алғыстан басқа айтары жоқ.
Халықаралық көлік дәлізі 2014 жылғы 10 қазанда пайдалануға берілгеннен бастап А,В,С, Д санаттағы сервистік қызмет көрсету нысандарының орналастыруы бекітілген екен. Жолдың 246 шақырымы І-техникалық, 566 шақырымы ІІ-техникалық санатына жатады. Сонан бергі уақытта сервистік нысандар кезегімен жүргіншілерге қызмет көрсете бастады. Мәселен пайдалануға берілген 16 жол сервисі нысанының арасында жолдың 1760 шақырымында орналасқан «В» санатымен салынған «Керуен» кешенінде қонақ үйі, кафе, автожанармай құю станциясы, жылы әжетхана, душ, дүкен, сейіл құру орны, медициналық жәрдем көрсету пункті, техникалық байқау станциясы, тұрақ, автожуу орны тәулік бойы жұмыс жасауда. Ал трассаның 1629 шақырымынан 5 гектарлық аумақта бой көтерген «Қорқыт ата» кешенінде жолаушылар үшін мешіт, жанар-жағармай құю станциясы, автокөлік жөндеу шеберханасы, автожуу, мотель, кафе, 250 адамға есептелген мейрамхана, бассейн, сауна, жүк және жеңіл көлікке эстакада мен автотұрақ салынған. «Нұрлы жол» кешені жолдың 1740 шақырымында салынып мұнда қонақ үйі, кафе, жылы әжетхана, душ, дүкен, медициналық жәрдем көрсету пункті, автокөлік жуу пункті, тұрақ, сейіл құру орны бар. Жалпы сервистік кешендердің барлығында салынған қызмет нысандары белгілі тәртіп пен жүйеге стандартттарға келтіріліп салынған.
Сыр топырағында төселген 812 шақырымдық көлік дәлізінде 14 жол айрығы, 48 көпір, 2 темір жол өткелі, 336 құбыр және 83 мал өтетін орындар салынып күн шығыс елі мен көне құрылықтың арасын жол еткен көлік керуендерінің қатынасына мүмкіндік жасауда.
– Халықаралық күре жолдың бойында биыл да қызу тіршілік жалғасуда. Жоғары талапты стандарттарға сәйкес салынатын 4 жол сервисі нысаны жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланса, тағы да 6 жол сервисі нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал келер жылы Арал, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Д» санаты бойынша 5 автожанармай құю станциясының құрылысы жоспарланды. 2018-2019 жылдары «А» санаты бойынша 2 нысан, «В» санаты бойынша 3 нысан, «С» санаты бойынша 5 жол сервисі кешені нысаны салынылады деп жоспарлануда, – дейді «Қазавтожол» пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлім бас маманы Гүлшара Үсенова.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты