Өрт қауіпсіздігіне тексеріс
Жаңалықтар
24.11.2017, 18:23
Маңғыстау темір жол бөлімшесіне қарасты нысандар мен арнайы жылжымалы құрамаларға күзгі өрт-техникалық тексеріс біраз кемшіліктің бетін ашқан.
Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өртке қарсы қызметі Маңғыстау жасағының бастығы Қайырхан Таласов мәлім етті.
-Жалпы саны 272 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы қаралып, 223 бұзушылық анықталды. Соның ішінде 52 автоматты өрт дабыл қаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы, 49 өрт сөндіргіштер бойынша, 30 тақтай сөрелерінің асбест қоспасымен қанықтырылмауы, 21 тоқ сымдарының ақауы, 24 өртке қарсы сумен жабдықталмау, 47 басқа да бұзушылықтар бойынша кемшіліктер анықталды. 8 нысанға және 1 тоқ жүйесі нүктесіне өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы берілді. 22 жылжымалы арнайы құрама тексеріліп, 3 кемшілік табылды. Сондай-ақ жол бойында бақыланған 155 жолаушылар вагонында 9, құрылым басында қаралған 164 жолаушылар вагонынан 40, деподан шығар алдын өрт-қауіпсіздік жағдайы тексерілген 476 локомотивтен 320 бұзушылық анықталып, 2887 жауапты тұлғаға өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқау өткізілді,- дейді жасақ бастығы.
Ағымдағы жылдың он айында бөлімше бойынша бір өрт оқиғасы тіркелген. Яғни 6 наурызда түнгі сағат 3:15 минутта Бейнеу ПТО нысанында компрессор өртенген. Одан бері "тілсіз жаудан" аман. Қажетті қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибелік оқу-жаттығулар да өз уақытылы ұйымдастырылуда. Қараша айына дейін Бейнеу, Маңғыстау және Болашақ өрт сөндіру пойыздарының қатысуымен он шақты оқу-жаттығулар өткізілген.
Шахида Жұман,Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты