Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған

Жаңалықтар
20.08.2026, 09:35
Сурет: Көліктегі полиция

Теміржол немқұрайлылықты кешірмейді. Жасөспірімдерге жай ғана ермек болып көрінетін әрекет санаулы секунд ішінде жарақат алуға, техниканың бүлінуіне, тіпті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер мен жедел іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Әсіресе каникул кезінде ересектердің қарауынсыз теміржол маңында жүретін кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады.

«Жыл басынан бері пойыздардың терезелерін сындыруға қатысты 44 дерек тіркелген. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі Алматы, Шымкент, Қарағанды және Шу станцияларының учаскелерінде орын алған. Анықталған жағдайлардың көпшілігіне кәмелетке толмағандардың қатысы бар екені белгілі болды», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Жуырдағы оқиғалардың бірі Талас–Тараз аралығындағы теміржол учаскесінде болған. Белгісіз адам лақтырған тас электровоздың бүйір әйнегін сындырып. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Ол 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Құқықбұзушы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Көліктегі ПД ескертеді: қозғалыстағы пойыздарға тас және кез келген басқа да заттарды лақтыруға қатаң тыйым салынады. Бұл машинистер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ құқық бұзушының өзі үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Көлік полицейлері ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылаусыз қалдырмай, теміржол маңында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін алдын ала түсіндіруге шақырады.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды