Тікелей бағдар: Атбасар астығы Пекинге жол тартты
Жаңалықтар
24.11.2017, 18:45
Енді Қазақстан астығын Қытайға жеткізу мерзімі төрт есеге қысқарды. Кеше Ақмола темір жолының Атбасар станциясынан астық тиеген пойыз тікелей Пекинге жол тартты.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ұлттық оператор ретінде негізгі қызметін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жүктерін тоқталыссыз тасымалдаумен байланыстырып отыр. Бұл – Қытай теміржолшыларымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей бағдар. 53 жабық вагонынан тұратын салмағы 4,5 мың тонналық жылжымалы құрам белгілі бекетке дейін жолаушылар тасымалы секілді сұрыптау станцияларына соқпай, арнайы бекітілген кестемен жүреді.
«Пойыз жолда бір жарым тәулік жүреді. 36 сағаттан соң Достық станциясына тоқтайды. Пойыз басқа жүк пойыздарына қарағанда төрт есе жылдамдықпен тәулігіне 800 шақырымды алады», – дейді Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденов.
Станция бастығының айтуынша, «Қытайдың кеден қызметі карантиндік талабы бойынша астық қапшықталуы тиіс. Жеткізу мерзімі шамамен төрт есеге қысқарады. Ол арқылы вагон және жүк айналымы артып, жүк тасымалының сапасы көтеріледі. Жүктің сақталуына кепілдік беріледі».
Жүк жөнелтушілердің атап өткеніндей, аталмыш қызмет түрінің басымдығы жоғары.
«Беркат-Экспорт» ЖШС осы қызмет түрін пайдаланып, Пекинге 20 вагон астық жіберді. Бұл компанияның құрылтайшысы Ахмет Огаев аталмыш бағдардың ең тиімді тұсы пойыз бағдарының жедел ұйымдастырылуы екендігін айтады.
«Бұрын Қытайға пойыздар біздің жүктерімізді бір аптада жеткізетін. Қазір енді бұған екі-ақ күн жұмсалады. Біз енді аптасына екі рет астық тиейміз. Оның сыртында пойыздың қайда жүргендігін онлайн режимінде бақылай аламыз. Бұл біз секілді жүк жіберушілер ғана емес, теміржолшылардың өздеріне де өте ыңғайлы және табысты жоба болып табылады», – дейді А.Огаев.
Биылғы жыл басынан бері Ұлттық оператор 7 миллион тонна астықты тұтынушыларға жеткізді. Оның ішінде 4,6 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Қытайға 320 мың тонна бидай жіберілді.
Атап өтерлігі, қазіргі таңда ҚТЖ-да астық тасымалдаудың бірқатар жаңа технологиясы енгізілуде. Қазан айында Құрық – Алят – Ахалкалаки – Карс – Мерсин бағдарында жаңа астық тасымалдайтын контейнерлік пойыздың қанатқақты жобасы іске қосылды.
Қараша айынан бастап бекітілген кесте бойынша 74 шаттл астық пойызы жіберілді. Оның ішінде Қостанай – Галаба (ИИР) – 18, Қостанай – Орта Азия – 13, Қостанай – Ақтау порты – 25 бағдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қостанай – РФ Жаңа порт, Қостанай – Жаңаресей бағдарларына «шаттл» пойыздары ұйымдастырылды.
Бекітілген кестелер бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру және технологиялық үдерістері жіберілетін уақыты мен жету мерзіміне тәуелді болмақ.
Ескендір Абытхан
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты