Алматы – Шу:  құрылыс мәреге жетті

Жаңалықтар
28.11.2017, 12:41
Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында Алматы – Шу темір жол теліміндегі  екінші жолдар бойынша қозғалыс пен теміржол үстінен салынған  Алматы – Шамалған автокөлік даңғылы қатар ашылды. Бұл жоба Мемлекет басшысының өңір инфрақұрылымдарының дамытылуына оң серпін беріп отырған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – басты бағыттардың бірі. Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет» деп атап көрсеткен болатын. Ақсеңгір станциясында өткен салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, көлік қызметкерлері мен ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Ұлттық компания басшысы Алматы – Шу желісіндегі екінші жолдар құрылысының толықтай бітуімен құттықтап, жаңа жолдың трансқазақстандық бағдарларды дамытуға, пойыздар қозғалысын шапшаңдатуға жаңа мүмкіндіктер ашып, ел аймақтары арасында коммуникациялық байланыстарды одан әрі кеңейте түсетінін атап өтті. «Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық тасымалдауды дамытуды белсенді жүргізуде. Соған орай жаңа инфрақұрылымды жасақтау мен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімі қысқартылуда»,– деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев. Сондай-ақ, ол жобаның өңірге ғана емес, жалпы республика экономикасы үшін де маңызы зор екендігін атап өтті. Ұзындығы 113 шақырымдық екінші теміржол телімі құрылысы аса қысқа мерзімде екі жылда  аяқталды. Осы мерзімде өте үлкен құрылыс ауқымы орындалды. 16 станция жаңғыртылып, 13 көпір мен жол өткелдері имараты, 156 шақырымға электр желісі мен басқа да өндірістік инфрақұрылымдық нысандары тұрғызылды. Екінші теміржол телімі еліміздегі ең қазақстандық теміржол магистралының аса қарқынды қозғалысы мол тұсындағы ғажайып құрылыс нысандары пайдалануға берілуімен телімнің өткізу қабілеті 4 есеге артатын болады, сәйкесінше, жүк пойыздарының кезек күту уақыты екі есеге дейін кемітілуде. Сонымен қатар 1,7 шақырымдық Елтай – Мерей жаңа автокөлік жолы салынып, Елтай селосынан ұзындығы 740 метрлік жол өткелі салынды. Бұған дейін Елтай селолық округінің Береке, Екпінді, Жетісу жалпы Қарасай ауданы елді мекендерінің тұрғындарын теміржолды кесіп өтудегі қиындықтардан құтылды. Бұл өткел өз кезегінде екі теміржол айырығының тығынын азайтып, автожол арқылы тәулігіне 17 мың машина өте алатын болады.    Шараға қатысушылар алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, теміржол саласының ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйлеп, Алматы – Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысын теміржолшылардың бір атаның баласындай ұйыса жұмылып, уақытпен санаспай еңбек етуінің арқасында  қысқа мерзімде бітіріп шыққанын тілге тиек етіп, маңызды оқиғалардың куәгерлеріне  еңбектерінде табыс тіледі. Салтанатты шараның соңында Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысының әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, Көлік саласының ардагері Қалтай Сәмбетов, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы» Тоқтар  Әубәкіров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Фарит Галимов Ақсеңгір станциясынан Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік пойызы мен «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының өтуіне сәт-сапар тіледі. Осы кезде теміржол үстінде автокөліктер керуені де алыс сапарға бет алды.

Нұрбек БЕКЕН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты