Азаматты ісіне қарап таны...

Жаңалықтар
28.11.2017, 19:32

Қуат Есімханов – Қазақстан теміржолына ғана емес, дүйім қазаққа танымал тұлға десек қателеспейміз. Саналы ғұмырын елге, халыққа қызмет етуге арнаған азаматты  ҚТЖ басшылығы «Теміржолсу» АҚ басшылығына шақырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру миссиясын жүктегенде қателеспегені рас.

Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Қуат Есімханұлының саланы өркендетуге қосқан  өлшеусіз үлесі үшін шексіз алғысын білдіріп, оның өмірі мен еңбек жолының кейінгі ұрпаққа өнеге болар дара жол екенін атап өтті. Ардагер теміржолшының құрметті еңбек демалысына шықса да оның мол ұйымдастырушылық және іскерлік тәжірибесі жастарға ауадай қажет екенін, сондықтан өзі құрып-қалыптастырған компанияда әрі қарай да кеңесші ретінде еңбек жолын жалғастыра беретінін жеткізді.  Атан түйеге жүк болар ауқымды шаруаны абыроймен атқарып шыққан Есімханов жән оның  командасы – теміржолсулықтардың арқасында күрежол бойындағы барлық елді мекендер тіршілік көзі таза ауыз суға қол жеткізді. Ширек ғасырдан артық уақыт су шықпай қу тақырға айналған елді мекендер жайқалған жазиралы нуға айналды. Техника, асай-мүсейін арқалап алты ай жаз ел кезген теміржолсу экспедициясын басқарып Қуат Есімхановтың өзі соңғы он жылда елдің батысы мен шығысын, оңтүстігі мн солтүстігін талай рет шиырлағаны  ақиқат. 1952 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген Қуат Есімханов талай жауапты қызметтерді атқарды. Петропавл және Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасары, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, «Қазавтокөлік» АҚ президенті, сондай-ақ, Ақсу ауданының әкімі болған жылдары  халықтан тек абырой мен алғыс алғанына көпшілік куә.  Қазақстан темір жолында «Теміржолжылу» және «Теміржолсу» АҚ президенті қызметін атқарған соңғы онжылдықтағы сауапты еңбегі өз алдына дара әңгіме. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Құрметті теміржолшысы» белгісінің иегері, Ақсу қаласының Құрметті азаматы былтыр «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталды.        Қуат Есімхановты танитындар оны  туған елі мен халқын сүйген патриот ретінде біледі, белгілі меценат, талай игілікті істердің ұйымдастырушысы болып, ел мен жер үшін айғай-шусыз, таза ниетпен еңбек еткен, ең бастысы, халық санасын отарсыздандыруға бар күш-қайратын сарқып жүрген тұлға кезінде ел ішінде ауыздан ауызға тарап, ескерілмей жүрген талай тұлғаның образын «шаң басқан архивтерден»  аршып алып, жарыққа шығарғаны бекер болмаса керек.   ды. Туабітті мінезі мен ұлттық құндылыққа рулық шеңберден қарамайтын парасат-пайымы арқылы оннан астам тарихи есімдердің халық жадында қайта жаңғыруына ықпал етті. Бала кезінен ән мен жырға, толғамалы, толғамды күйге қанып өскен жанның  ержете келе ең алдымен Алаш ұранды азаматтарды іздеуі, солардың есімін ұлықтауды қолға алғаны заңдылық емей не?!       Жалпы еңбек жолы 42 жылды құраса, соның 11 жылын теміржол саласының дамуына арнаған Қуат Есімханұлы «Теміржолсу» компаниясына басшылыққа келген күннен алдына қойған мақсаты – Мемлекет басшысының талабы бойынша дүниеге келген «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының теміржолдағы баламасы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын шегіне жеткізіп, жол бойының әр станция-бекетіне ауыз су жеткізу болды. Бүгінде бұл миссия орындалды. «Мөлдір бұлақ» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында теміржол бекеттеріндегі, станциялар мен жол айрықтарындағы  сумен қамту және кәріздік жүйелер толық қалпына келтіріліп, бұл өз кезегінде Компанияның меншігіндегі шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік әперді. «Теміржолсу» АҚ алты жылдағы атқарған ауқымды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Компанияның сумен қамту желісіндегі өндірістік активінің тозығы жетуі 85 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді.

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл