Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды

Жаңалықтар
28.08.2026, 16:14
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін оданәрі дамыту және теміржол арқылы жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі басшылығының Илецк-1 мемлекетаралық өткізу пунктінде жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға екі елдің теміржол әкімшіліктерінің басшылары, сондай-ақ шекара қызметтерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемінің оң динамикасын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тасымал көлемі 92 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артты. 2026 жылдың жеті айында 56,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп.

Кездесу барысында теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру және Илецк-1 мемлекетаралық өткізу пунктінде жүктерді өңдеу үдерісін жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар бекіткен Жол картасы аясында өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыруға және пойыздарды өңдеу уақытын қысқартуға бағытталған бірлескен іс-шаралар кешені іске асырылды.

Атап айтқанда, қабылдау-жөнелту жолдарын ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл ұзын құрамды пойыздарды тиімдірек өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бақылау аймағында жарықтандыру жүйесі орнатылып, тасымалдау құжаттарын өңдеуді жеделдету үшін қосымша жұмыс орындары құрылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар теміржол инфрақұрылымын дамыту, жүк тасымалы көлемін ұлғайту, өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанмен Ресейдің көлік-транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды