Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды

Жаңалықтар
31.08.2026, 19:02
Оқуға 2 мин

Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстарында төрт – Түрксіб, Есіл, Елтай және Исатай теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Қайта жаңартудың басты міндеті – теміржол вокзалдарын жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді ету.

Жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

1927 жылы салынған Жамбыл облысы Түрксіб станциясының вокзалы кешенді қайта жаңартудан өтті. Бүгінде бұл қазіргі заманғы екі қабатты ғимарат, ауданы 1273,6 ш.м. Жұмыс барысында ішкі үй-жайлар мен инженерлік жүйелер жаңартылып, перрон қайта жасалды, іргелес аумақ абаттандырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы болуына ерекше назар аударылады.

Вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 300 адамнан асады. Станция арқылы Түрксібті Қазақстанның ірі қалаларымен, Бурабай курортымен, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанмен байланыстыратын 38 жолаушылар пойызы өтеді.

Ақмола облысындағы бірден екі – Есіл мен Елтай вокзалы қайта жаңғыртудан кейін ашылды. Есіл станциясының вокзалы 1943 жылы салынған. Қайта құрудан кейін оның ауданы 406-дан 485,4 шаршы метрге дейін өсті. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 200 асады, ал станция арқылы 18 жолаушылар пойызы өтеді.

1973 жылы салынған Елтай станциясы да толығымен жаңартылды. Оның ауданы 217,9-дан 246,8 ш.м. дейін ұлғайды. Станция арқылы Павлодар, Көкшетау, Бурабай курорты, Петропавл, Қостанай, Астана және Қарағандымен байланысты қамтамасыз ететін 10 жолаушылар пойызы өтеді.

Екі нысанда да шатыр, инженерлік желілер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, перрондар қайта жасалды және іргелес аумақтар абаттандырылды. Қасбеттер заманауи әрлеуге ие болды.

Қайта құру кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікке ерекше назар аударылды. Қосымша эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өртке қарсы есіктер орнатылды, мобильділігі төмен жолаушылар үшін пандустармен жабдықталды. Әрлеуде негізінен берік, отқа төзімді және оңай жуылатын қазақстандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

 

1970 жылы салынған Атырау облысындағы Исатай станциясының вокзалы қайта жөндеуден кейін аумағын 129,3-тен 214,65 шаршы метрге дейін ұлғайтты. Мұнда шатыр, инженерлік жүйелер, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақ абаттандырылды.Әрлеу үшін қазақстандық өндірістің заманауи материалдары қолданылды.

  Станция арқылы Исатайды Атыраумен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан бағыттарымен байланыстыратын 10 жолаушылар пойызы өтеді.

Қайта құрудан кейін вокзалдар қауіпсіздікке, қол жетімділікке және қызмет көрсету сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап береді.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?