Көпірді де керек қылмайтындар бар... 

Жаңалықтар
28.11.2017, 19:44
Шетпе станциясында көптен қордаланған мәселе өткен жылы шешімін тауып, темір жол үстімен арғы-бергі елді мекендерді байланыстыратын  аспалы көпір қолданысқа берілген еді. Бүгінде жергілікті халық қарасаң көзтоярлық көпірмен  әрі қауіпсіз жолмен қатынауда.   Станциядағы 8 темір жолдың үстімен салынған аспалы көпірдің биіктігі 8 метр, үзындығы 100 метрден асады. Бір ерекшелігі заңғар жүктерді алып өтуге кедергі келтірмейді, қажет кезінде ашылып, қайта жабылады. Құрылысына  48 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.        Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген аспалы көпір  үстімен содан бері қанша халық жүрді, қаншама қауіптің алды алынды, ол бізге белгісіз. Бір білетініміз темір жолдың арғы жағындағы мектеп, спорт, мәдениет орындарына баласын жіберіп, үйінде байыз таппай отыратын  ата-аналардың үрейі сейілген. Десе де ауыл тұрғындарының қажетіне жарап тұрған нысанға баспалдақпен шығуға еріне ме, әлде өз өміріне соншалықты немқұрайлы қарайтындар ма, әлі де жолды кез келген жерден кесіп өтетіндер азаймай отырған  көрінеді. Мұны жуырда сол жақта болып, шойын жолдағы осындай бейберекет әрекетті болдырмау үшін орта білім беру мекемелері мен мектеп гимназиясында түсінік жүргізген Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің өкілдері де растайды. Өзіміз де көпірді қызықтап, үстімен жүрген едік. Төменде, тұрған жерімізге жақын маңнан темір жол  ережесін бұзып бара жатқан бірнеше адамды көзіміз шалды.    – Көпірдің бір жағында аудан орталығы, екіншісінде халық саны жоғары ауылдардың бірі орналасқандықтан әрлі-берлі жүрушілер көп. Шетпеде ауданның әлеуметтік, өзге де маңызды нысандары, Жаңаорпада мектеп, аурухана, газ мекемелері шоғырланған. Бұл екі ортада қатынас қашанда қарқынды. Сондықтан көпірдің пайдасы орасан. Бұрын көлігі барлар автомобиль жолына, жаяу жүргіншілер өздеріне арналған екі өткелден өтетін. Енді оған көпір де қосылды. Дегенмен кейбіреулерге бұл да жеткіліксіз, темір жолды төтесінен басып бара жатқандар әлі де кездеседі. Сонда, көпірді де керек қылмайтын бұл халыққа не шара, – деп қынжылыс білдірді Шетпе станциясының бастығы Бәлібек Есенгелдиев. Бір жаманы, станцияда  желілік ішкі істер бөлімінің арнайы пункті жоқ. Мұнда жергілікті халықтан бөлек Жаңаөзен қаласының тұрғындары да пойызбен келіп-кетеді. Яғни, кісі кісі қарасы үнемі қалың. «Сондықтан полициясы бөлімшесі керек-ақ», деген станция басшысы  оған орын табу мүмкіндігін қарастыруға әзір екендіктерін де жеткізді. Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Серік Оразғалиев та Шетпеде бөлімше болмағаны станцияда тәртіп бұзушылықты бақылауға мүмкіндік бермейтінін   жасырмады.  Жақында бүкіл құзырлы мекеме өкілдері мектептерді аралап, темір жолдан өту қауіпсіздігін сөз етіп, пойыз келіп қалғанда қандай әрекет жасау керектігі жайлы деректі фильм көрсетіпті.

     Шахида Жұман, Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл