Тіл мерекесі ұлықталды

Жаңалықтар
08.09.2026, 09:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық аппаратында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты байқауы өтті. Мемлекеттік тілді дамыту секторы ҚТЖ мен оның еншілес ұйымдары арасында ұйымдастырған сайысқа 14 команда қатысты. Олар 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні құрметіне аталып өтетін тіл мерекесіне орай мемлекеттік тілді, қазақ әдебиеті мен тарихын және салт-дәстүрлерді қаншалықты білетінін көрсетіп, өзара бақ сынасты.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, сонымен қатар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, қайраткерлік тұлғасын дәріптеу. Осы мақсатта байқау басталмас бұрын А. Байтұрсынұлының қысқа болса да күрескерлікке толы тағылымды өмірі туралы бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды.  

Байқау 3 кезеңнен тұрды. «Даналарымызды дәріптейік!» аталатын бірінші кезеңде қатысушылар қазақ халқының тарихи тұлғаларын заманауи технология көмегімен, яғни жасанды интеллектіні пайдалана отырып слайдтар, бейнероликтер жасау арқылы таныстырды. Оған 3 минут уақыт берілді. Екінші кезең Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармаларынан қойылым көрсетуге немесе туындыларын орындауға арналды. «Артық болмас білгенің» деп аталған үшінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік рәміздер, қазақтың салт-дәстүрлері, теміржолдың даму тарихына қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді.  

Сахнада өнер көрсеткен командалар бірінші кезеңінде ЖИ арқылы жасалған бейнероликтерде Алаш арыстарының тұлғасын «тірілтіп», бүгінгі жас теміржолшылар өткенге саяхат жасау арқылы олармен тілдесіп, азаттық жолында құрбан болған бабаларға қазіргі ұрпақтары тәуелсіз, дамыған елде өмір сүріп жатқанын жеткізеді. Ал екінші кезеңінде актерлік шеберлігін көрсетіп, сахнада сол тарихи тұлғалардың рөлін сомдайды және сол дәуірде олардың басынан кешкен нәубет жылдарды көз алдыңа әкеледі. Соңғы турда командалар түрлі танымдық сұрақтарға белгілі бір уақыт ішінде шапшаң жауап беруге тырысты.  

Сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен ҚТЖ Тасымалдау процесі дирекциясының «Білім бәйтерегі» командасы байқау жеңімпазы болып танылды. Ең үздік бейнеролик, әсерлі қойылымдар ұсынып, сұрақтарға да толымды жауап берген бұл команданың бағы мен бабы қатар озды. Әрі қарай 1-орынды «KTZ Express» АҚ-ның «Ана тілімен бір толқында» командасы иеленсе, 2-орын «Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі» ЖШС-нің «Теміржол қалқаны» және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚның «Каспий маржаны» командасына берілді. Ал 3-орынды Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің «Алаш рухы» командасы мен ҚТЖ «Жол шаруашылығы» департаментінің «Ахмет әліпбиі» командалары иемденді. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Қалған командаларға да байқауға қатысып, жеңіске деген ұмтылысы үшін ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хатқа ие болды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті