Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Жаңалықтар
09.09.2026, 10:58
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 7–8 қыркүйек күндері Батуми қаласында өткен Грузия халықаралық теңіз форумына қатысты. Форум барысында халықаралық көлік дәліздерін дамыту, Еуропа мен Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ көлік саласын цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Форумның алғашқы күнінде Жәнібек Тайжанов «Теңіздерден дәліздерге: әлемдік сауданың жаңа географиясы» атты панельдік сессияда сөз сөйледі. Талқылау барысында Орта дәлізді дамытуға, теңіз, теміржол және порт көлігін өзара ықпалдастыруға, сондай-ақ халықаралық жеткізу тізбектерінің мобильділігімен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Вице-министр Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) дамуындағы оң динамиканы атап өтті. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ТХКМ арқылы тасымал көлемі 22%-ға артты. Ал Шығыс–Батыс бағыты бойынша транзиттік тасымал 55%-ға өсті.

Сөз барысында көлік дәліздерін цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Форум қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік маршруттарының цифрлық картасын құру қажеттігі туралы ұстанымы таныстырылды. Оны енгізу халықаралық көлік дәліздері бойынша көлік инфрақұрылымын, логистикалық тізбектерді және жүк ағындарының негізгі қозғалыс параметрлерін кешенді түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Форум жұмысына мемлекеттік органдар мен теңіз әкімшіліктерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың, порт саласының, көлік-логистика бизнесінің өкілдері және сарапшылар қатысты.

Іс-шара аясында порт инфрақұрылымын дамыту, теңіз көлігі саласындағы халықаралық ынтымақтастық, саланы цифрлық трансформациялау, навигация мен кеме қатынасы қауіпсіздігін жетілдіру, сондай-ақ теңіз секторында «бір терезе» қағидатын қолдану мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар Жәнібек Тайжанов форум аясында бейінді министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Орта дәліз арқылы жүк ағынын арттыру және көлік процестерін цифрландыру мәселелері талқыланды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті