Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады

Жаңалықтар
09.09.2026, 17:11
Оқуға 2 мин
Сурет: Ақорда
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қытайдан Еуропаға бағытталған барлық құрлықтық транзиттік тасымалдың шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ел бұл көрсеткішті одан әрі арттыруды көздеп отыр.

Президент Қазақстан мен Қытай Еуразияның жаңа көлік архитектурасын қалыптастырып жатқанын айтты. Бұл жұмыстың ауқымы жүк тасымалының көрсеткіштерінен де байқалады. 2025 жылдың қорытындысында екі ел арасындағы трансшекаралық теміржол тасымалының көлемі 35 млн тоннадан асты.

Теміржол инфрақұрылымын кеңейту бағытында да бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Тоқаевтың айтуынша, Шанхайға жасаған сапары кезінде Достық – Алашанькоу бағытындағы екінші теміржол желісін салу жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жаңа желі іске қосылғаннан кейін осы маңызды шекаралық өткелдің өткізу қабілеті екі есе артады.

Сонымен бірге Аягөз – Тачэн үшінші теміржолының құрылысы жүріп жатыр. Президент бұл желі қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені едәуір азайтып, қосымша 20 млн тонна жүк ағынын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының, яғни Орта дәліздің маңызына да тоқталды. Оның пікірінше, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын бұл бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «ақылды кеденді» енгізу, құжат айналымын цифрландыру, ақпараттық жүйелерді синхрондау және шекаралық рәсімдерді автоматтандыру қажет.

Қазір Ляньюньгандағы бірлескен логистикалық терминал, «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ порты, Сиань мен Алматыдағы терминалдар және Ақтаудағы контейнерлік хаб біртұтас логистикалық желінің маңызды буындарына айналып отыр.

«Біз транзит экономикасынан көліктік өзара байланысты экономикаға көшуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, түпкі мақсат – Қазақстанды жүк тасымалымен ғана шектелмейтін, логистика, өңдеу, өндіріс, электронды сауда және заманауи сервистер қатар дамитын Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті