Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті

Жаңалықтар
11.09.2026, 08:35
Оқуға 2 мин
Сурет: Көліктегі ПД
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік полициясы теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған және жолаушылар пойызына тас лақтырып бұзақылық жасаған құқық бұзушыларды анықтап, жауапқа тартты.

2 қыркүйекте Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол көлігіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын өрескел бұзып, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірген үш азаматты ұстап, жеке басын анықтады. Олар Жамбыл және Алматы облыстарының 32-35 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар Алматы – Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы Алматы-1 станциясынан жылжи бастаған кезде құқық бұзушылардың қозғалыстағы локомотивтің тұтқасын ұстап, сатысына секіріп мінуге әрекеттенгендері анықталды. Тіпті олар машинист кабинасына бөгде заттар лақтырған.  

Бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендіктен, машинист шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған. Пойыздың жоспардан тыс аялдау уақыты 2 минутты құрады. Ұсталған азаматтар алкогольді ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде жүргені үшін және теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Ал Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірімді анықтады.  

Полицейлер вагон терезесінен теміржол жиегінде жүрген үш жасөспірімнің өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырып жатқанын байқаған. Қауіптің алдын алу мақсатында полиция қызметкері пойыз машинисімен шұғыл байланысып, жылдамдықты төмендетуді сұрады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер ұсталып, ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қатысуымен өз әрекеттерін мойындады. Ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Полиция өтіп бара жатқан пойыздарға тас немесе өзге де заттарды лақтыру жолаушылар мен пойыз бригадасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ теміржол қозғалысының қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертеді. Ал ата-аналарды бала тәрибесіне жіті көңіл бөлуге шақырады.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті