Үйкелістен ұшқын шыққан…

Жаңалықтар
17.05.2016, 17:41
Оқуға 2 мин
Шиелі станциясында ұйымдастырылған өртке қарсы оқу-жаттығу шарасында төтенше жағдайдағы диспетчерлік ақпарат алмасу жетілдіріліп, авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдарының өзара іс-әрекеттерін үйлестіру сынды басты тапсырмалар мүлтіксіз орындалды. Сценарий бойынша Шиелі станциясында орналасқан «MKS Company» ЖШС-не қарасты сутегі тотығы тиелген жүк вагонында сутегі тотығы құйылған ыдыстарды қаптаған темір торлардың үйкелуі әсерінен ұшқын шығып, өрт ошағы пайда болғанын солтүстік бақылау кезекшілері байқаған... Салдарынан шұғыл құзырлы органдарға хабар таратылып, барлық мүдделілер іс-әрекетке көшірілген. Оқиға орнын оқшаулауға Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімі, «ӘТЖК» АҚ Қызылорда атқыштар командасының Шиелі атқыштар тобы сарбаздары мен құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі тартылып, сүзгі бекеті жұмысы мен зардап шеккендерді құтқару дәлізі ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметі келем дегенше вагон пойыз құрамынан ажыратылып, станциядағы өрт ошағын жоюға Шиелі өрт сөндіру пойызының 14 қызметкері, «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің №9 ӨСБ-нің 2АЦ өрт сөндіру автокөлігі мен 12 қызметкер жұмылдырылды. Бір техника мен 4 өрт сөндіруші «жедел жәрдем» қызметін атқарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Таңертеңгі сағат 11:00 минутта дабыл қағылып, жеке құрамдардың білігі мен тактикалық дайындығы сарапқа салынған сыннан сүрінбей өткен өрт сөндірушілер арада жарты сағат өткенде, өрт шыққан вагонды жылжымалы құрамнан оқшаулап, қолда бар техникамен жеке құрамның іс бірлігі арқасында 11:30 минутта өрт жалынын өшірді. –Шиелі өрт сөндіру пойызы ұжымының бүгінгі кестеге сәйкес өткізілген шарада жеке құрамның кез-келген тосыннан болуы мүмкін кедергіге дайындығы пысықталды. Біздің өрт сөндірушілер жергілікті құзырлы орган қызметкерлерімен ұжымдаса қимылдып, бар-жоғы жарты сағат ішінде өртті ауыздықтап, тапсырманы ойдағыдай орындап шықты, – дейді өрт ошағында өздеріне тиісті міндеттерін атқарып, өрт сөндіру құралдарын жинастырып жүрген, өртпен алысқан сарбаздарының қимылын бағалаған НОРП-30 Шиелі өрт сөндіру пойызының басшысы Арнауыт Садық.

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ, Шиелі

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды