ҚТЖ әкімдіктермен және көлік полициясымен бірлесіп мал иелерімен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері 1,3 мыңға жуық түсіндіру кездесулері өткізіліп, оған 34 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

52 мыңнан астам мал иелері мал жаю және темір жол арқылы жануарларды айдап өту ережелерімен танысты. 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Профилактика нәтиже беруде: 2026 жылдың 9 айында пойыздардың мал басу саны 584 жағдайға дейін төмендеді (2025 жылдың ұқсас кезеңінде – 648). Алайда жағдай күрделі болып қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап осы құқық бұзушылық үшін ескерту жойылды – бірден 5 АЕК айыппұл қолданылады (қайталанса – 10 АЕК). Қазір ҚТЖ айыппұлдарды екі есеге: бірінші бұзғаны үшін 10 АЕК-ке және жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.

ҚТЖ мал иелерінен мал жаю ережелерін қатаң сақтауды және малды темір жолдардың жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды.